Оқиға

Аймағамбетов Павлодар мектебіндегі өрт туралы: бір мұғалімге көмек қажет

© Sputnik / Владислав ВодневАсхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Жазылу
Төтенше жағдайдан кейін қазақстандық мектептердің өртке қарсы қауіпсіздігі тексеріледі
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Павлодардың 28-ші мектебіндегі өртке қатысты түсініктеме берді.
21 сәуірде Павлодардың 28 мектебінде өрт шығып, ғимараттың шатыры жанып кетті. Министрдің айтуынша, бір педагогқа психологиялық көмек көрсетіледі.
"Менде бар ақпарат бойынша, осы жағдайға байланысты психологиялық көмек қажет бір мұғалімді қоспағанда, зардап шеккендер жоқ. Оған психологиялық көмек көрсетіледі", - деді министр сенат кулуарында.
Оның айтуынша, қазір барлық мектепте өртке қарсы қауіпсіздікті тексеру жүргізіледі.
28 мектеп ғимараты тексеріліп, егер ол әрі қарай жұмыс істеуге жарамды болса, оқушылар мектепке қайтарылады. Егер жарамсыз болса, басқа оқу орындарына жіберіледі.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1975 жылы туған мұғалім орташа ауырлықтағы улы газбен уланып ауруханаға жатқызылған.
Павлодар, мектептегі өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Оқиға
Павлодарда мектеп өртеніп жатыр: 600-ге жуық адам эвакуацияланды
Жаңалықтар
0