Оқушы қызға қол жүгірткен студент 10 тәулікке қамалды

© Sputnik / Табылды Кадырбековархив фото
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
Ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Елордада кәмелетке толмаған қызға тиіскен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады полиция департаменті.
Бұған дейін ер адам үйінің кіреберісінде 16 жастағы қызға тиіскені туралы жазған болатынбыз.
Қыздың әкесі полицияға арыз түсірген. Оның айтуынша, белгісіз біреу кешкі уақытта үйдің кіреберісінде 16 жастағы қызына тиіскен. Ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында 20 жастағы студент ұсталды. Ол қызды 18 сәуір күні аялдамада кездестірген. Автобусқа бірге мініп, соңынан ерген. Ал үйдің кіреберісінде танысуға тырысқан. Бірақ қыз қарсы болған. Сол кезде жас жігіт заңсыз әрекет жасаған", - дейді полицейлер.
Студент қыздың ұятты жерінен ұстаған. Ал полиция жариялаған видеода қызды зорлайтын ойым болмады деп ақталды.
Құқық бұзушыға қоғамдық тәртіпті бұзу дерегімен Әкімшілік құқық-бұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Айта кетері, 434-бапта 5 айлық есептiк көрсеткiш (15 315 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу немесе 10 тәулiкке қамауға алу жазасы қарастырылған.
"Бүгін, 22 сәуірде, Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге қамауға алынып, арнайы қабылдау мекемесіне жіберілді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0