Оқушы қызға қол жүгірткен студент ұсталды – полиция видео жариялады

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Жазылу
Жігіт қызбен танысқым келді, оны зорлау ойымда болмады деп ақталды
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда оқушы қызға қол жүгірткен студент құрықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қыздың әкесі полицияға арыз түсірген. Оның айтуынша, белгісіз біреу кешкі уақытта үйдің кіреберісінде 16 жастағы қызына тиіскен. Ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында 20 жастағы студент ұсталды. Ол қызды 18 сәуір күні аялдамада кездестірген. Автобусқа бірге мініп, соңынан ерген. Ал үйдің кіреберісінде танысуға тырысқан. Бірақ қыз қарсы болған. Сол кезде жас жігіт заңсыз әрекет жасаған", - дейді полицейлер.
Студент қыздың ұятты жерінен ұстаған. Ал полиция жариялаған видеода қызды зорлайтын ойым болмады деп ақталды.
Қазіргі кезде оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 434-бабы бойынша хаттама рәсімделді. Сондай-ақ медициналық мекемеге құқық бұзушының денсаулығы туралы сұрау жіберілді.
Айта кетері, 434-бапта 5 айлық есептiк көрсеткiш (15 315 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу немесе 10 тәулiкке қамауға алу жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0