Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы бар – Лавров

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуМұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавров
Мұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) болашағына санкциялардың қалай әсер ететінін айтты.
"Еуразиялық экономикалық одаққа келетін болсақ, соңғы айларда вице-премьерлер деңгейінде бірнеше кездесу болды. Олар біздің интеграциялық жоспарларымызды жаңа жағдайда, өзімізге және Қытай Халық Республикасы, Үндістан секілді өзге өңірлердегі сенімді серіктестерімізге көбірек сенім артатын жағдайда жалғастыруға арналды. Бұл елдермен біздің ынтымақтастығымыз қарқынды дамып жатыр, айталық көлік дәліздерін құру саласындағы байланыстар Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері үшін тиімді болады", - деді Лавров Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздерден кейін.
"Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы бар, мүше елдердің барлығы оның болашағы жарқын болуы үшін жұмыс істеп жатыр", - деп түйіндеді министр.
Сонымен бірге Лавров Ресейге қарсы санкциялардың заңсыз екенін және Батыс оларды енгізе отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзілік банк нормалары түрінде бұрын өздері жақтаған жаһанданудың барлық принципін елемей отырғанын атап өтті.
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Тілеуберді биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жайлы сұраққа жауап берді
Жаңалықтар
0