Тілеуберді биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жайлы сұраққа жауап берді

© AP Photo / Frank AugsteinМедицина қызметкері
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
Қазақстан ресейлік ғалымдарды биологиялық зертхана құру кезінде ынтымақтастық орнатуға шақырып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан мен Ресейдің биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы туралы сұрақтарға жауап берді.
"Биологиялық қауіпсіздік мәселесі қазір халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр, әсіресе өткен коронавирус пандемиясы жағдайындаайқын сезілді. Біз бұл мәселе бойынша Ресей Федерациясымен табысты ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Атап айтқанда, ресейлік серіктестерімізге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ жүйесінде биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтамыз. Біз өз тарапымыздан Ресейдің ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитеті жанынан биологиялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы бастамасын қолдадық", - деді Тілеуберді ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен бірлескен баспасөз конференциясында.
Ол бұл бастамаларды жүзеге асыру бойынша әлі де қыруар жұмыс бар екенін және жақын арада ұйымның (ҰҚШҰ) жарғысына өзгерістер енгізу туралы тиісті хаттамаға қол қойылуы мүмкін екенін айтты.
"Қазақстандағы биологиялық зертханалар жайында: біз 4-деңгейлі биологиялық зертхананың құрылысы туралы жоспарды жарияладық. Бұл ашық процесс. Біз халықаралық ынтымақтастыққа ашықпыз, ресейлік ғалымдар да шақырылып отыр", - деп атап өтті Тілеуберді.
Жаңалықтар
0