Батысқа қарсы Ресейдің қандай қаруы бар

© Sputnik / Александр КряжевПшеница
Пшеница - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
Шетелдік БАҚ нарықта ABCD аббревиатурасымен кеңінен танымал әлемдік төрт агроөнеркәсіптік холдинг Archer Daniels Midland (ADM), Bunge, Cargill және Louis Dreyfus Ресейдегі өз кәсіпорындарын жабудан бас тартып отырғанын, сондықтан олардың ресейлік нарықтан кетуін күтудің қажеті жоқ екенін хабарлады. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Мәскеумен көпжылдық қарым-қатынасты бұзуға нақты қадам жасамағаны үшін Германияға ұжымдық Батыс наразылық білдірген болатын. Ал жоғарыда аталған ауыл шаруашылығы саласындағы төрт кәсіпорын наурыздың басында Еуроодақ санкцияларына байланысты ресейлік нарықтан кететінін жария етті де, күні кеше сөздерінен тайып, Ресейде қалатынын айтты. Нарық қарқыны мен статистикалық деректерге үңілсе, мұның таңғалатын тұсы жоқ екенін түсінуге болады.
Ресейдің ғаламшардағы рөлі туралы айтпағанда, ең алдымен энергетика, соның ішінде табиғи газ бірінші кезекте айтылады. Көгілдір отын заманауи экономиканың негізгі стратегиялық ресурсы екеніне дау жоқ. Бірақ Ресейден басқа мемлекеттер үшін де аса маңызды өзге ресурстар бар. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдері, атап айтқанда дәнді дақылдар, май, құс еті мен басқа да азық-түлік.
Өткен жылдарда Ресей әлемдік ауыл шаруашылығы нарығында маңызды қатысушы болды. Жекелеген көрсеткіштерде ресейлік үлестің үлкен болғаны соншалық, ретке келтірілген жеткізу жолдарын жою дағдарысқа емес, бүтіндей бір өңірдегі аштыққа алып келуі мүмкін. Сондықтан Ресей бидай, күнбағыс майы, жүгері, арпа, сиыр еті, құс еті және кондитерлік шоколад өнімдерінің негізгі өндірушісі екенін Батыс та мойындады.
Чемоданчик с выигрышем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2022
АҚШ Ауғанстандағы соғысқа қанша қаражат жұмсағанын жария етті
Осы шақта нарықтағы өзгерісті түйсінген батыстық агрохолдингтер ресейлік нарыққа жаппай келе бастады. Мәскеу қарсылық танытқан жоқ, шетелдік корпорациялар азық-түліктің ауқымды стратегиялық қорына тікелей рұқсат алды. Ал ресейлік аграрийлерге жеңілдетілген кредит, заманауи техника мен озық технологиялар, зерттеу жүргізуге арналған тегін материал мен селекциялар және тағы басқалар қолжетімді болды. Ынтымақтастық жылдарында Мәскеу мен жекелеген компаниялар және мемлекеттер арасында тығыз байланыс орнады.
Ал Батыс Ресей Украинадағы арнайы операцияны бастағаннан кейін ірі бизнестен Мәскеумен қарым-қатынасты тез арада үзуді талап етті. Бұл талап пандемия толқынынан кейін баға шарықтап тұрған жағдайда айтылғанын да ескеру керек. Энергетиктер "жанармайсыз жұмыс істейтін мәңгілік қозғалтқыш" ойлап табуға тырысып, Батыстың айтқанына көнсе, аграрийлер әлем нарығындағы күнбағыс майының жартысы және бидай саудасының 24 проценті Ресейге тиесілі екенін еске салды.
Мәскеу мен Киев шетелге жеткізілетін төрт бөтелке майдың үшеуін жеткізеді, әрбір үшінші нан өнімі де осы екі елден шығады. Сондықтан Вашингтон, Лондон және Брюссель русофобиядан бас тартпаса, онда осы аталған мөлшерде азық-түлік ресурстарының нарығында тапшылық туындайды да, бұл өз кезегінде баға қымбаттауына, тапшылық пен инфляцияға алып келеді.
Бес жыл бұрынғы қарқынға үңілсек, осы уақыт ішінде Ресей әлем нарығындағы бидайдың 19%-ін дайындап жеткізді. АҚШ пен Канада сәйкесінше 13% және 12% көрсеткішпен екінші және үшінші орында тұр. АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған дерек бойынша, Ресей бес жыл ішінде күнбағыс майы бойынша әлем нарығының жартысын игеріп үлгерді. Ал жүгері бойынша үлесі небәрі екі процент. Бірақ бұл ретте балама дәнді дақылдың 15%-ін әлем елдеріне жеткізбейтін Украинаны да есепке алу керек.
Сәуір айының ортасындағы жағдай бойынша, бір тонна бидай бағасы 405 доллар болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 68%-ке жоғары. Күнбағыс майының бір тоннасы 1 860 доллардан сатылды. Мұндағы өсім 24%-ке тең. Ал жүгері құны 334 доллар болып, қымбаттау деңгейі 28%-ті құрады.
Ресей-Украина келіссөзі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей Путин мен Зеленскийдің кездесуі жөнінде шешім ұсынды
"БҰҰ азық-түлік нарығындағы қазіргі жағдайды апатты сипатта деп бағалады. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшысы Девид Бислидің бағалауы бойынша, Ресеймен нарықтық байланысты үзу, мысалы, Йеменде сегіз миллионға жуық адам күнделікті рационын екі есе қысқартуға әкеледі", - деп жазды автор.
АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерман қазіргі халықаралық ахуалдың осы бағытта жалғасуы ора есеппен 13 миллион адамның ашаршылығына алып келуі ықтимал екенін айтты. Бірақ Шерман мұның барлығын "Путиннің Украинаға басып кіру туралы шешімінің салдары" деп атап, Ресей азық-түлік нарығындағы оқшаулаға өз бетінше кіріспегенін ескермеді.
Жаңалықтар
0