https://sputnik.kz/20220421/attestatsiya-aymagambetov-ustazdar-24353941.html
"Аттестацияны алып тастаймыз десем...": министр ұстаздардың наразылығына жауап берді
"Аттестацияны алып тастаймыз десем...": министр ұстаздардың наразылығына жауап берді
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, мұғалімдер мен оқушыларға ыңғайлы жағдай жасағаннан бұрын білім сапасына басымдық беру керек 21.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-21T11:29+0500
2022-04-21T11:29+0500
2023-08-09T09:38+0500
білім
асхат аймағамбетов
мұғалім
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958243_0:183:3316:2048_1920x0_80_0_0_ba6cb61197f18dbef70b1672a5b98116.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір– Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагог мамандардың аттестациясын алып тастауға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министрдің айтуынша, мұғалімдер мен оқушыларға ыңғайлы жағдай жасағаннан бұрын білім сапасына басымдық беру керек. "Біз үшін негізгі мақсат - балаларға сапалы білім беру. Балаларда мектепке және білім алуға деген құлшыныс болуы қажет. Ол үшін мұғалімдерге қатысты талаптар, шынымен де, жоғары болсын десек, онда наразылыққа қарамастан, осы бағыттағы жұмысты атқаруымыз керек. Мен аттестацияны алып тастаймыз десем, барлығы қуанатын еді. Министрден жақсы адам болмайтын еді. Бірақ біздің негізгі жұмысымыз ол емес. Балаларға сапалы білім беру керек. Не істесек те, соны басшылыққа аламыз", - деп атап көрсетті Аймағамбетов. Министр кейбір жоғары оқу орындарын жабу шараларын да мысалға келтірді. Осы мәселеге қатысты наразылық бар. Бірақ ондай шара білім сапасы үшін керек. Айта кетері, жақында тарих пәнінің мұғалімі біліктілік тестін тапсыру кезінде қайтыс болды. Осыдан кейін мұғалімдерді наразылығы күшейіп кетті. Барлығы аттестацияны алып тастауды талап етті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958243_477:0:3208:2048_1920x0_80_0_0_3b250a7b50850ae2643fdb46e81573de.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асхат аймағамбетов, мұғалім
асхат аймағамбетов, мұғалім
"Аттестацияны алып тастаймыз десем...": министр ұстаздардың наразылығына жауап берді
11:29 21.04.2022 (жаңартылды: 09:38 09.08.2023) Министрдің айтуынша, мұғалімдер мен оқушыларға ыңғайлы жағдай жасағаннан бұрын білім сапасына басымдық беру керек
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір– Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагог мамандардың аттестациясын алып тастауға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұл мәселе біраз адамды мазалап жүр. Педагогтердің көбісі аттестацияны алып тастауды ұсынып отыр. Сол сияқты оқушылардан баға қоюды алып тастайық па деп сұрасақ, олар да қолдайтын еді. Жазғы демалысын тағы үш айға ұзартайық деп, бастама көтерсек, бәлкім, қуана-қуана келісетін шығар", - деді Аймағамбетов журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, мұғалімдер мен оқушыларға ыңғайлы жағдай жасағаннан бұрын білім сапасына басымдық беру керек.
"Біз үшін негізгі мақсат - балаларға сапалы білім беру. Балаларда мектепке және білім алуға деген құлшыныс болуы қажет. Ол үшін мұғалімдерге қатысты талаптар, шынымен де, жоғары болсын десек, онда наразылыққа қарамастан, осы бағыттағы жұмысты атқаруымыз керек. Мен аттестацияны алып тастаймыз десем, барлығы қуанатын еді. Министрден жақсы адам болмайтын еді. Бірақ біздің негізгі жұмысымыз ол емес. Балаларға сапалы білім беру керек. Не істесек те, соны басшылыққа аламыз", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.
Министр кейбір жоғары оқу орындарын жабу шараларын да мысалға келтірді. Осы мәселеге қатысты наразылық бар.
Бірақ ондай шара білім сапасы үшін керек.
Айта кетері, жақында тарих пәнінің мұғалімі
біліктілік тестін тапсыру кезінде қайтыс болды. Осыдан кейін мұғалімдерді наразылығы күшейіп кетті. Барлығы аттестацияны алып тастауды талап етті.