https://sputnik.kz/20220414/test-mugalim-testileu-ortalygy-24202730.html
Тест тапсырған мұғалім қайтыс болды – тестілеу орталығы түсініктеме берді
Тест тапсырған мұғалім қайтыс болды – тестілеу орталығы түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Ресми мәліметке сәйкес, мұғалімдер біліктілік тестін 2018 жылдан бері тапсырып келеді 14.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-14T14:22+0500
2022-04-14T14:22+0500
2023-08-09T12:40+0500
оқиға
мұғалім
тест
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958243_0:183:3316:2048_1920x0_80_0_0_ba6cb61197f18dbef70b1672a5b98116.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы біліктілік тестін тапсырған мұғалімнің қайтыс болуына қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Соңғы 4 жылда бірінші рет адам өлімі тіркеліп отыр. Осыдан кейін тестілеу орталықтарында алғашқы көмек көрсету үшін дәрігерлердің жұмысын бақылау күшейтіледі. Ресми мәліметке сәйкес, мұғалімдер біліктілік тестін 2018 жылдан бері тапсырып келеді. Бекітілген санатына байланысты 230 мыңнан астам адам жыл сайын жалақының 30-50% мөлшерінде қосымша төлемдер алады. "Осы ретте аттестацияның өзі ерікті сипатқа ие екенін атап өтеміз. Педагогтер жалақыларына тағы қосымша ақы алу үшін тестілеуге жазылып, осы процедурадан өтеді. Осылайша расталған біліктілік санатына байланысты қосымша ақылар төленеді. Егер тест тапсырушы өзін нашар сезінсе, тестілеу күнін өзгерту мүмкіндігі беріледі", - деп атап көрсетті орталық қызметкерлері. Айта кетері, бүгін Алматыда мұғалім біліктілік тестін тапсыру кезінде қайтыс болды. Ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958243_477:0:3208:2048_1920x0_80_0_0_3b250a7b50850ae2643fdb46e81573de.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, тест
Тест тапсырған мұғалім қайтыс болды – тестілеу орталығы түсініктеме берді
14:22 14.04.2022 (жаңартылды: 12:40 09.08.2023) Ресми мәліметке сәйкес, мұғалімдер біліктілік тестін 2018 жылдан бері тапсырып келеді
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы біліктілік тестін тапсырған мұғалімнің қайтыс болуына қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүгін, 14 сәуірде Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде жұмыс істеген 1973 жылы туған мұғалім тестілеу кезінде қайтыс болды. Ер адам гипертензиялық (гипертониялық) ауруына байланысты емханада есепте тұрған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр", - дейді орталық мамандары.
Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Соңғы 4 жылда бірінші рет адам өлімі тіркеліп отыр. Осыдан кейін тестілеу орталықтарында алғашқы көмек көрсету үшін дәрігерлердің жұмысын бақылау күшейтіледі.
Ресми мәліметке сәйкес, мұғалімдер біліктілік тестін 2018 жылдан бері тапсырып келеді. Бекітілген санатына байланысты 230 мыңнан астам адам жыл сайын жалақының 30-50% мөлшерінде қосымша төлемдер алады.
"Осы ретте аттестацияның өзі ерікті сипатқа ие екенін атап өтеміз. Педагогтер жалақыларына тағы қосымша ақы алу үшін тестілеуге жазылып, осы процедурадан өтеді. Осылайша расталған біліктілік санатына байланысты қосымша ақылар төленеді. Егер тест тапсырушы өзін нашар сезінсе, тестілеу күнін өзгерту мүмкіндігі беріледі", - деп атап көрсетті орталық қызметкерлері.
Айта кетері, бүгін Алматыда мұғалім біліктілік тестін тапсыру кезінде қайтыс болды. Ер адам жедел жәрдем келгенше
көз жұмды.