Экономика

Бірнеше кәсіпорын мемлекетке қайтарылады – үкімет

© Sputnik / Владислав ВодневҮкімет үйі
Үкімет үйі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2022
Жазылу
Бұған дейін "Қазақтелеком" АҚ акцияларының 28,8 проценті мемлекет меншігіне қайтарылатыны хабарланды
АЛМАТЫ, 20 cәуір – Sputnik. Мемлекет меншігіне тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылады, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Үкімет республика меншігінің кейбір мәселесі туралы қаулы қабылдады. Соған сәйкес, "Көлік сервис орталығы" акционерлік қоғамының акция пакетінің 100%-ін сыйға тарту шарты бойынша республика меншігіне беру туралы "Темір Триумф" ЖШС-ның ұсынысы қабылданды.
"Көлік сервис орталығы" АҚ – Қазақстандағы 400-ден астам теміржол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы. Сондай-ақ сыйға тарту шарты бойынша "Integrity Solutions" ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін "Soft Art" ЖШС жарғы капиталындағы қатысу үлесінің 50%-ін республика меншігіне береді.
"Bridge capital investments limited" жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін "Акмолит" ЖШС, "Мархит" ЖШС, "Топаз-НС" ЖШС жарғы капиталындағы қатысу үлесінің 100%-ін береді.
"Көлік сервис орталығы" АҚ акциялары және аталған серіктестіктердің жарғы капиталындағы қатысу үлесі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ орналастырылатын акцияларына төлеуге беріледі, делінген қаулыда.
Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетері, бұған дейін "Қазақтелеком" АҚ акцияларының 28,8 проценті мемлекет меншігіне қайтарылатыны хабарланды.
Жаңалықтар
0