https://sputnik.kz/20220412/qazaqtelekom-aktsiyalar-24158525.html
"Қазақтелеком" акцияларының 28,8%-і мемлекет меншігіне қайтарылады
"Қазақтелеком" акцияларының 28,8%-і мемлекет меншігіне қайтарылады
Sputnik Қазақстан
Кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлына жанама түрде тиесілі акциялар мемлекет меншігіне өтеді 12.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-12T16:23+0500
2022-04-12T16:23+0500
2022-04-12T19:59+0500
"қазақтелеком" ақ
https://sputnik.kz/img/1362/19/13621969_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_f56258e3168e9e9e503e3968ff4b45a9.jpg
АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. "Қазақтелеком" АҚ акцияларының 28,8 проценті мемлекет меншігіне қайтарылады, деп хабарлады үкіметтің сайты.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.Сондай-ақ "Alatau Capital Investment" ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ін құрайтын қоғамның 413 412 жай акциясын республика меншігіне береді.Айта кетері, Skyline Investment Company S.A. мен Alatau Invest Capital Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі.Қайрат Сатыбалдыұлын 2022 жылдың наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілетін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады."Қазақтелеком" АҚ қазіргі басшысы Қуанышбек Есекеев бұл іс бойынша куәгер ретінде қатысады.
https://sputnik.kz/20220315/qayrat-satybaldy-qamauga-alyndy-23516228.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1362/19/13621969_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_87dfcdc529ed8555cfb50cacd5c03b05.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
"қазақтелеком" ақ
"Қазақтелеком" акцияларының 28,8%-і мемлекет меншігіне қайтарылады
16:23 12.04.2022 (жаңартылды: 19:59 12.04.2022) Кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлына жанама түрде тиесілі акциялар мемлекет меншігіне өтеді
АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. "Қазақтелеком" АҚ акцияларының 28,8 проценті мемлекет меншігіне қайтарылады, деп хабарлады үкіметтің сайты.
"Сыйға тарту шарты бойынша "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ін құрайтын 2 671 481 жай акциясын республика меншігіне беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын", - делінген үкімет қаулысында.
Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сондай-ақ "Alatau Capital Investment" ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ін құрайтын қоғамның 413 412 жай акциясын республика меншігіне береді.
Айта кетері, Skyline Investment Company S.A. мен Alatau Invest Capital Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі.
Қайрат Сатыбалдыұлын 2022 жылдың наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілетін асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
"Қазақтелеком" АҚ қазіргі басшысы Қуанышбек Есекеев бұл іс бойынша куәгер ретінде қатысады.