Қасиетті Рамазан айында әлем елдері қандай ас әзірлейді – фото
Қасиетті Рамазан айында әлем елдері қандай ас әзірлейді – фото
Sputnik Қазақстан
Қасиетті Рамазан айы бел ортасынан асты. Коронавирус пандемиясы басталған шақтан бері алғаш рет ауыз бекітумен байланысты түрлі діни шаралар шектеусіз өтіп... 19.04.2022, Sputnik Қазақстан
Діндар адам үшін коронавирус шектеулеріне екі жыл қатарынан мойынсұну оңай емес. Рамазан айында ораза ұстау – әрбір мұсылман үшін парыз саналады.Бұл шақта таңғы намаздан күн батқанға дейін нәр татпай, уақытты құлшылықпен өткізу керек. Таң атқанда мұсылман баласы ораза ұстауға ниет етіп, ауыз ашатын уақытқа дейін су мен астан бас тартады. Сонымен қатар, ораза тұтқан адамды сыйлап, оған арнайы тамақ әзірлеудің ислам дінінде сауабы мол деген сенім бар. Әлем елдері ауызашарға қандай ас дайындайтыны туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіз.
Қасиетті Рамазан айы бел ортасынан асты. Коронавирус пандемиясы басталған шақтан бері алғаш рет ауыз бекітумен байланысты түрлі діни шаралар шектеусіз өтіп жатыр
Діндар адам үшін коронавирус шектеулеріне екі жыл қатарынан мойынсұну оңай емес. Рамазан айында ораза ұстау – әрбір мұсылман үшін парыз саналады.
Бұл шақта таңғы намаздан күн батқанға дейін нәр татпай, уақытты құлшылықпен өткізу керек. Таң атқанда мұсылман баласы ораза ұстауға ниет етіп, ауыз ашатын уақытқа дейін су мен астан бас тартады.
Сонымен қатар, ораза тұтқан адамды сыйлап, оған арнайы тамақ әзірлеудің ислам дінінде сауабы мол деген сенім бар.
Әлем елдері ауызашарға қандай ас дайындайтыны туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіз.
Діндарлардың тағамы олардың қай ендікте тіршілік етуіне, сондай-ақ мәдениетіне байланысты әр алуан болады. Мына суретте Мумбайдағы көше саудагері қытырлақ қауыз араласқан қуырылған теңіз өнімдерін сатып тұр
Жұмысшылар Кувейттегі дүкендерде сату үшін асханадан кунафа салынған ыдыстарды шығарып жатыр. Кунафа – қант шәрбаты мен ірімшік кремі сіңген тәтті тағам. Бұл ас Рамазан айында араб елдерінде үлкен сұранысқа ие
Индонезияның Ява аралындағы Джокьякарта мешітінде әйел адам ораза ұстаған мұсылмандарға арнап ас пісіріп жатыр. Әрбір порция тағамда күріш, шағын тефтели, жаңғақ пен көкөніс бар