Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Қасиетті Рамазан айында әлем елдері қандай ас әзірлейді – фото

Жазылу
Қасиетті Рамазан айы бел ортасынан асты. Коронавирус пандемиясы басталған шақтан бері алғаш рет ауыз бекітумен байланысты түрлі діни шаралар шектеусіз өтіп жатыр
Діндар адам үшін коронавирус шектеулеріне екі жыл қатарынан мойынсұну оңай емес. Рамазан айында ораза ұстау – әрбір мұсылман үшін парыз саналады.
Бұл шақта таңғы намаздан күн батқанға дейін нәр татпай, уақытты құлшылықпен өткізу керек. Таң атқанда мұсылман баласы ораза ұстауға ниет етіп, ауыз ашатын уақытқа дейін су мен астан бас тартады.
Сонымен қатар, ораза тұтқан адамды сыйлап, оған арнайы тамақ әзірлеудің ислам дінінде сауабы мол деген сенім бар.
Әлем елдері ауызашарға қандай ас дайындайтыны туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіз.
© AFP 2024 / Indranil Mukherjee

Діндарлардың тағамы олардың қай ендікте тіршілік етуіне, сондай-ақ мәдениетіне байланысты әр алуан болады. Мына суретте Мумбайдағы көше саудагері қытырлақ қауыз араласқан қуырылған теңіз өнімдерін сатып тұр

Діндарлардың тағамы олардың қай ендікте тіршілік етуіне, сондай-ақ мәдениетіне байланысты әр алуан болады. Мына суретте Мумбайдағы көше саудагері қытырлақ қауыз араласқан қуырылған теңіз өнімдерін сатып тұр - Sputnik Қазақстан
1/12

Діндарлардың тағамы олардың қай ендікте тіршілік етуіне, сондай-ақ мәдениетіне байланысты әр алуан болады. Мына суретте Мумбайдағы көше саудагері қытырлақ қауыз араласқан қуырылған теңіз өнімдерін сатып тұр

© AFP 2024 / Prakash Mathema

Ал Катмандудағы мына ер адам қамырын ұн мен қара судан дайындайтын "роти" нанын әзірлеп жатыр

Ал Катмандудағы мына ер адам қамырын ұн мен қара судан дайындайтын "роти" нанын әзірлеп жатыр - Sputnik Қазақстан
2/12

Ал Катмандудағы мына ер адам қамырын ұн мен қара судан дайындайтын "роти" нанын әзірлеп жатыр

© AFP 2024 / Madaree Tohlala

Тайландтың оңтүстігіндегі Наратхиват провинциясында діндарларға кешкі намаздан кейін ауыз ашуға жергілікті түрлі тамақ ұсынылады

Тайландтың оңтүстігіндегі Наратхиват провинциясында діндарларға кешкі намаздан кейін ауыз ашуға жергілікті түрлі тамақ ұсынылады - Sputnik Қазақстан
3/12

Тайландтың оңтүстігіндегі Наратхиват провинциясында діндарларға кешкі намаздан кейін ауыз ашуға жергілікті түрлі тамақ ұсынылады

© AFP 2024 / Yasser Al-Zayyat

Жұмысшылар Кувейттегі дүкендерде сату үшін асханадан кунафа салынған ыдыстарды шығарып жатыр. Кунафа – қант шәрбаты мен ірімшік кремі сіңген тәтті тағам. Бұл ас Рамазан айында араб елдерінде үлкен сұранысқа ие

Жұмысшылар Кувейттегі дүкендерде сату үшін асханадан кунафа салынған ыдыстарды шығарып жатыр. Кунафа – қант шәрбаты мен ірімшік кремі сіңген тәтті тағам. Бұл ас Рамазан айында араб елдерінде үлкен сұранысқа ие - Sputnik Қазақстан
4/12

Жұмысшылар Кувейттегі дүкендерде сату үшін асханадан кунафа салынған ыдыстарды шығарып жатыр. Кунафа – қант шәрбаты мен ірімшік кремі сіңген тәтті тағам. Бұл ас Рамазан айында араб елдерінде үлкен сұранысқа ие

© AFP 2024 / Indranil Mukherjee

Мумбайдағы көп көше саудагері бір адамға арналған тағам дайындап сатады. Дайын астың ішінде көкөніс пен жеміс, тауық немесе басқа да ет тағамдары бар

Мумбайдағы көп көше саудагері бір адамға арналған тағам дайындап сатады. Дайын астың ішінде көкөніс пен жеміс, тауық немесе басқа да ет тағамдары бар - Sputnik Қазақстан
5/12

Мумбайдағы көп көше саудагері бір адамға арналған тағам дайындап сатады. Дайын астың ішінде көкөніс пен жеміс, тауық немесе басқа да ет тағамдары бар

© AFP 2024 / Munir uz Zaman

Бангладеш астанасы Даккадағы бұл базарға келушілер ауызашарға қуырылған тәтті тоқаш пен ет жолақтарын сатып алады. Бұл қос тағамның иісі мұрын жарады

Бангладеш астанасы Даккадағы бұл базарға келушілер ауызашарға қуырылған тәтті тоқаш пен ет жолақтарын сатып алады. Бұл қос тағамның иісі мұрын жарады - Sputnik Қазақстан
6/12

Бангладеш астанасы Даккадағы бұл базарға келушілер ауызашарға қуырылған тәтті тоқаш пен ет жолақтарын сатып алады. Бұл қос тағамның иісі мұрын жарады

© AFP 2024 / Devi Rahman

Индонезияның Ява аралындағы Джокьякарта мешітінде әйел адам ораза ұстаған мұсылмандарға арнап ас пісіріп жатыр. Әрбір порция тағамда күріш, шағын тефтели, жаңғақ пен көкөніс бар

Индонезияның Ява аралындағы Джокьякарта мешітінде әйел адам ораза ұстаған мұсылмандарға арнап ас пісіріп жатыр. Әрбір порция тағамда күріш, шағын тефтели, жаңғақ пен көкөніс бар - Sputnik Қазақстан
7/12

Индонезияның Ява аралындағы Джокьякарта мешітінде әйел адам ораза ұстаған мұсылмандарға арнап ас пісіріп жатыр. Әрбір порция тағамда күріш, шағын тефтели, жаңғақ пен көкөніс бар

© AFP 2024 / Rizwan Tabassum

Пәкістандағы Карачи қаласындағы аспаз ауызашарға арнап тауық еті мен балық қосылған тағам пісірген

Пәкістандағы Карачи қаласындағы аспаз ауызашарға арнап тауық еті мен балық қосылған тағам пісірген - Sputnik Қазақстан
8/12

Пәкістандағы Карачи қаласындағы аспаз ауызашарға арнап тауық еті мен балық қосылған тағам пісірген

© AFP 2024 / Said Khatib

Палестиналық Газ секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы базар саудагері тұздалған және консервідегі көкөніс сатып тұр

Палестиналық Газ секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы базар саудагері тұздалған және консервідегі көкөніс сатып тұр - Sputnik Қазақстан
9/12

Палестиналық Газ секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласындағы базар саудагері тұздалған және консервідегі көкөніс сатып тұр

© AFP 2024 / Javed Tanveer

Ауғанстанның Кандагар қаласында дәстүрлі тәтті тағам саудагерлері сатып алушыларды күтіп отыр

Ауғанстанның Кандагар қаласында дәстүрлі тәтті тағам саудагерлері сатып алушыларды күтіп отыр - Sputnik Қазақстан
10/12

Ауғанстанның Кандагар қаласында дәстүрлі тәтті тағам саудагерлері сатып алушыларды күтіп отыр

© AFP 2024 / Prakash Mathema

Катманду мешітінің қызметкері ауызашар дастарханына күріш тәтті тағамы бар ыдыстарды орналастырып жатыр

Катманду мешітінің қызметкері ауызашар дастарханына күріш тәтті тағамы бар ыдыстарды орналастырып жатыр - Sputnik Қазақстан
11/12

Катманду мешітінің қызметкері ауызашар дастарханына күріш тәтті тағамы бар ыдыстарды орналастырып жатыр

© AP Photo / Fareed Khan

Волонтер Карачи мешітінің жанында ауызашар дастарханын қамдап жатыр

Волонтер Карачи мешітінің жанында ауызашар дастарханын қамдап жатыр - Sputnik Қазақстан
12/12

Волонтер Карачи мешітінің жанында ауызашар дастарханын қамдап жатыр

Жаңалықтар
0