Қоғам

Сауда қызметкерлерінің өз төсбелгісі пайда болады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2022
Жазылу
"Еңбек сіңірген сауда қызметкері" төсбелгісімен сауда ұйымы мен қоғамдық тамақтану саласының қызметкерлері марапатталады
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Қазақстанда сауда қызметкерлерін ведомстволық наградамен марапаттау жоспарланып отыр. Тиісті өзгерістер үкімет құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы қаулыға енгізіледі.
Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
"Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздері" бөлімі "Еңбек сіңірген сауда қызметкері" төсбелгісі" деген кіші бөліммен толықтырылсын", - делінген құжатта.
"Еңбек сіңірген сауда қызметкері" төсбелгісімен сауданы дамытуға, сауда қызметін жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін жетілдіруге, тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге сіңірген еңбегі және қосқан зор үлесі үшін, сауданың тиімділігі мен жоғары технологиялық сипатын арттыруға, озық тәжірибені таратуға бағытталған іс-шараларды әзірлегені және жүзеге асырғаны үшін сауда ұйымының қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істейтін қызметкерлер марапатталады.
Ветеринар - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2022
Жаңа мереке енгізілуі мүмкін: министр депутаттардың ұсынысын қолдады

Төсбелгі қандай болады

Төсбелгі диаметрі 45 мм шеңбер нысанында жезден дайындалады.
Медальдің бет жағында ортада бедерлі, шығыңқы, жылтыр элемент – "Кадукус" саудасының символы орналасқан. Айналдыра төменгі бөлігінде "Еңбек сіңірген сауда қызметкері" күрең қызыл эмальмен нақышталған, гравировканың сыртқы бөлігінде мемлекеттік тудың түсі – көгілдір эмаль көмкерілген. Шеңбердің сыртқы бөлігін жылтыр, шығыңқы бедер нысанында орындалған сегізбұрыш көмкереді.
Төсбелгінің сыртқы жағында жоғарғы бөлігінде қазақ ою-өрнегі орналасқан, ортасында "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі" деген қазақша сөздер және төменгі бөлігінде сериялық нөмір ойылып жазылған.
Төсбелгі құлақша мен шығыршық арқылы ені 35 мм және биіктігі 31 мм көгілдір түсті қатқыл жібек лентамен қапталған төрт бұрышты тағанмен жалғанады, киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.
Қаулы жобасы 3 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Жаңалықтар
0