https://sputnik.kz/20220404/deputattar-meyram-ministr-23936888.html
Жаңа мереке енгізілуі мүмкін: министр депутаттардың ұсынысын қолдады
Жаңа мереке енгізілуі мүмкін: министр депутаттардың ұсынысын қолдады
Sputnik Қазақстан
Екатерина Смышляеваның айтуынша, оған ешқандай шығын шығарудың қажеті жоқ. Демалыс күні де енгізілмейді 04.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-04T12:40+0500
2022-04-04T12:40+0500
2022-04-04T12:40+0500
депутаттар
мейрам
https://sputnik.kz/img/old/1265/75/12657582_0:217:2871:1832_1920x0_80_0_0_e54e8a0470c0c3b1d7349f6fb20b6f7b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаттары ветеринарлардың кәсіби мерекесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін төменгі палатада ветеринария саласын реформалау мәселесі қаралды. Депутат Екатерина Смышляева ветеринар мамандардың кәсіби мерекесін бекіту керектігін айтты.Айтуынша, оған ешқандай шығын шығарудың қажеті жоқ. Демалыс күні де енгізілмейді."Осыны жасасақ, ветеринарларға жағымды жаңалық болады. Олар елдің азық-түлік және жануарлар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр ғой", - деп түйіндеді депутат.Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев депутаттың ұсынысын қолдады. Оның айтуынша, алдағы уақытта министрлік бірқатар ведомстволық награданы бекітуді жоспарлап отыр. Оған "Құрметті ветеринар" атағы да енгізіледі."Кәсіби мерекені де қолдан келсе қолдаймыз. Тиісті ұсыныс енгіземіз", - деп атап өтті Қарашөкеев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1265/75/12657582_70:0:2801:2048_1920x0_80_0_0_eb07c6d2d6250e415fb86da54092f8f1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутаттар, мейрам
Жаңа мереке енгізілуі мүмкін: министр депутаттардың ұсынысын қолдады
Екатерина Смышляеваның айтуынша, оған ешқандай шығын шығарудың қажеті жоқ. Демалыс күні де енгізілмейді
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаттары ветеринарлардың кәсіби мерекесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін төменгі палатада ветеринария саласын реформалау мәселесі қаралды. Депутат Екатерина Смышляева ветеринар мамандардың кәсіби мерекесін бекіту керектігін айтты.
"Бүгінде кәсіби мерекелер қатарында ветеринар күні жоқ. Осыдан-ақ біздің және мемлекеттің ветеринар дәрігер мамандығына деген қарым-қатынасын байқауға болады. Мысалы, қаржыгер мен есепшілердің бірнеше мейрамы бар. Ал ветеринар дәрігердің күні жоқ. Сонда бұйрыққа жазылатын он бес әріпті аяп отырмыз ба?", - деді Смышляева.
Айтуынша, оған ешқандай шығын шығарудың қажеті жоқ. Демалыс күні де енгізілмейді.
"Осыны жасасақ, ветеринарларға жағымды жаңалық болады. Олар елдің азық-түлік және жануарлар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр ғой", - деп түйіндеді депутат.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев депутаттың ұсынысын қолдады. Оның айтуынша, алдағы уақытта министрлік бірқатар ведомстволық награданы бекітуді жоспарлап отыр. Оған "Құрметті ветеринар" атағы да енгізіледі.
"Кәсіби мерекені де қолдан келсе қолдаймыз. Тиісті ұсыныс енгіземіз", - деп атап өтті Қарашөкеев.