https://sputnik.kz/20220418/er-adam-avtokredit-zhanarmay-quyu-stantsiyalary-24287966.html
Ер адам автокредитін жабу үшін туысымен бірге жанармай құю станцияларын тонаған
Ер адам автокредитін жабу үшін туысымен бірге жанармай құю станцияларын тонаған
Sputnik Қазақстан
Алматы қаласы мен Алматы облысында бес жанар-жағармай құю станциясын тонаған күдіктілер ұсталды 18.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-18T16:28+0500
2022-04-18T16:28+0500
2022-04-18T16:28+0500
өңірлер
кредит
жанармай
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/12/15506141_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_99c03c72d913d9f5dd9621de973fa0fd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Алматының екі тұрғыны автокредитті жабу үшін бес жанар-жағармай құю станциясын тонаған, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаменті.Қарақшылық шабуыл 15 сәуірде Алматы мен жақын маңда орналасқан Іле және Қарасай аудандары аумағында жасалды. Пышақпен қаруланған қылмыскерлер әдейі күзеті жоқ шағын станцияларды таңдаған.Бейнебақылау камераларын қарап шыққан полицейлер күдіктілердің қара Toyota Camry 50 көлігімен жүргенін анықтады. Алайда мемлекеттік нөмір басқа автокөлікке тіркелген болып шықты."Күдіктілер тұрақта тұрған Volkswagen Golf-тан ұрланған мемлекеттік нөмірді пайдаланған. Көлік иесі белгісіз біреулер нөмірді шешіп алып, кейін кері қайтарғанын байқамай да қалған. 34 жастағы алматылық таксист пен оның 23 жастағы немере інісі қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Ер адам жауап алу кезінде ұрланған ақшаны (300 мың теңгеге жуық) автокредитті өтеуге жұмсағанын айтты", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Ұсталғандар қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша тергеу жүріп жатыр.
https://sputnik.kz/20220412/meshit-tonau-ury-24160745.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/12/15506141_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_cf61bed163d859540589b053341f0f2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, жанармай
Ер адам автокредитін жабу үшін туысымен бірге жанармай құю станцияларын тонаған
Алматы қаласы мен Алматы облысында бес жанар-жағармай құю станциясын тонаған күдіктілер ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Алматының екі тұрғыны автокредитті жабу үшін бес жанар-жағармай құю станциясын тонаған, деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаменті.
Қарақшылық шабуыл 15 сәуірде Алматы мен жақын маңда орналасқан Іле және Қарасай аудандары аумағында жасалды. Пышақпен қаруланған қылмыскерлер әдейі күзеті жоқ шағын станцияларды таңдаған.
Бейнебақылау камераларын қарап шыққан полицейлер күдіктілердің қара Toyota Camry 50 көлігімен жүргенін анықтады. Алайда мемлекеттік нөмір басқа автокөлікке тіркелген болып шықты.
"Күдіктілер тұрақта тұрған Volkswagen Golf-тан ұрланған мемлекеттік нөмірді пайдаланған. Көлік иесі белгісіз біреулер нөмірді шешіп алып, кейін кері қайтарғанын байқамай да қалған. 34 жастағы алматылық таксист пен оның 23 жастағы немере інісі қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Ер адам жауап алу кезінде ұрланған ақшаны (300 мың теңгеге жуық) автокредитті өтеуге жұмсағанын айтты", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұсталғандар қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша тергеу жүріп жатыр.