Мешіттерді тонаған ұры ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневМешіт, архивтегі фото
Мешіт, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Жазылу
Ол намаз кезінде адамдардың ақшасын, ұялы телефоны мен бағалы заттарын ұрлаған
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Алматы облысында мешіттерді тонап жүрген ұры ұсталды. Қазіргі кезде жас жігіттің 16 қылмыс жасағаны дәлелденіп отыр, деп хабарлады Polisia.kz.
Күдікті Талғар ауданында құрықталды. Ол жақта наурыздың басынан бері Тұздыбастау, Гүлдала, Қызыл ту және Панфилов ауылдарынан арыз-шағымдар көп түскен.
"Қылмыскердің әрекеті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Ол маска тағып, кешкі намаз кезінде адамдардың ақшасын, ұялы телефоны мен бағалы заттарын ұрлаған. Сыртта тұрған көліктерге де түскен", - дейді полицейлер.
Күдікті көлік тонауға кішкентай балғаны пайдаланған. Онымен терезені бұзып, салонда жатқан бағалы заттарды ұрлап жүрген. 25 жастағы ер адам Есік қаласының тұрғыны болып шықты. Бұған дейін ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған.
Қазіргі кезде оның басқа қылмыстарға қатысты бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Жаңалықтар
0