Өңірлер

Павлодарда сотталушы қатаң режимдегі колониядан қашып кетпек болды

© Sputnik / Тимур БатыршинКолония
Колония - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2022
Жазылу
Ұлттық ұлан сарбазы қарауыл бастығына хабар беріп, ескерту ретінде аспанға оқ атқан
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Павлодар қаласының ҚАЖ-24 мекемесінде сотталғандардың бірі ішкі тыйым салынған аймаққа кірген.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 16 сәуірде сағат 12:30 шамасында болған. Сотталушы бақылаушылардың ізімен тыйым салынған аймаққа кіріп кеткен.
Сотталған адамның қашуға әрекеттенгенін байқаған бекеттің кезекші күзетшісі ескерту жасаған, артынша дабыл сигналын басқан. Содан кейін ұлттық ұлан сарбазы қарауыл бастығына хабар беріп, ескерту ретінде аспанға оқ атқан.
Сотталушы ішкі тыйым салынған аймақта ұсталды. Мән-жайды анықтау үшін жедел-тергеу іс-шарасы басталды.
Сондай-ақ Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және Ұлттық ұланның 6679 әскери бөлімінің командирі бірлесіп қызметтік тергеу бастады.
Решетка - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2020
Қоғам
Павлодардағы колониядан қашқан сотталушы бір жылдан кейін астанада ұсталды
Жаңалықтар
0