Қоғам

Алматыдағы қайғылы оқиға: қайтыс болған мұғалім өзін нашар сезініп жүрген

© Sputnik / Alexas_FotosАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2022
Жазылу
Марқұмның туыстары оған сол күні үйде қалуға кеңес берген
АЛМАТЫ, 16 сәуір – Sputnik. Алматыда біліктілік тесті кезінде көз жұмған мұғалім кейінгі кезде өзін нашар сезініп жүрген. Бұл туралы марқұмның туыстары айтты, деп мәлімдеді білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова.
"Әріптесіміздің созылмалы дертке шалдыққаны және оның жүрек ауруы бойынша есепте тұрғаны белгілі. Білім саласының өкілдері әріптесіміздің туыстарының үйіне барғанда оның соңғы кездері өзін нашар сезініп жүргенін, тестілеу күні таңертең де өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Жақындары үйде қалуға кеңес берген", - деді Қарина.
Білім және ғылым министрлігі марқұмның туыстарына телеграмма жолдады. Алматы қалалық білім басқармасы марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетеді.
Вице-министр мұғалім денсаулығы нашарлаған жағдайда тестілеуге бармауға немесе күнін басқа мерзімге ауыстыруына болатынын атап өтті.
Айта кетері, қайтыс болған педагог алғаш рет 2020 жылдың 1 қыркүйегінен мұғалім қызметін атқара бастаған. Сондықтан жаңадан келген мұғалім ретінде ол санатсыз жұмыс істеген және оған аттестациядан өту міндетті болмаған.
тестілеу орталығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2022
Оқиға
Тест тапсырған мұғалім қайтыс болды – тестілеу орталығы түсініктеме берді
"Біздің ақпаратымызға сәйкес, педагог өзін сауатты, талантты ұстаз ретінде танытқан. Туыстарының айтуынша, ол өз біліміне сенімді болған. Сол себепті ҰБТ-ға мерзімінен бұрын жазылған. Осындай қайғылы жаңалықтарды пайдаланып, әлеуметтік желілерде мұғалімдер өз-өзіне қол жұмсап жатыр деген фейктер көп таралуда. Бұл – жалған ақпарат", - деді білім және ғылым бірінші вице-министрі.

Аттестация қосымша ақы алуға әсер етеді

Шолпан Қаринаның айтуынша, аттестациялау – педагогтің біліктілігін растаудың ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан рәсімі. Басқа елдердегідей, оны жүзеге асыру тәртібі уақыт талабына қарай өзгеріп келеді. Жыл сайын білімін жетілдіретін педагогке 5 жыл сайын біліктілігін растау қиындық тудырмайды. Оның үстіне мұғалім аттестациядан өтпесе, жұмысын жалғастыра береді. Аттестация қосымша ақы алуға әсер етеді.
"2018 жылдан бастап аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді, оған сәйкес біліктілік санаттары бойынша қосымша төлемдердің мөлшері жалақының 30%-тен 50%-ке дейінгі көлемін құрайды. Мысалы, педагог-шебер 300 мың теңге алса, онда қосымша ақы 90 мың теңге немесе одан да көп болуы мүмкін.
Аттестаттаудың жаңа жүйесі мұғалімнің ақысын шеберлік деңгейіне қарай ондаған, жүз мың теңгеден артық көтеруге мүмкіндік берді", - деді ол.
Центр национального тестирования готовится принять выпускников - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2022
Куәгерлер тест тапсырған мұғалімнің қалай қайтыс болғанын айтты
Ережеге сәйкес, мұғалімдер бес жылда бір рет біліктілігін арттырады немесе растайды. Егер мұғалім бірінші рет сынақтан өтпесе, оны қайта тапсыруға мүмкіндігі бар. Ең бастысы, сынақтан өтпеген ұстаз жұмысынан айырылмайды, әрі қарай жұмысын жалғастыра береді.
Мұғалімдерге ыңғайлы болу үшін аттестация жылына екі рет өткізіледі. 2018 жылға дейін бұл рәсім жылына бір рет қана өткізілетін. Мысалы, жыл басында тестілеуден өтпесе, онда сол жылдың қазанынан желтоқсанына дейін екінші рет сынақтан өтуге мүмкіндік бар. Бұл ретте әрбір педагог кез келген күнді және уақытты таңдауға құқылы.
"Қазір бұл міндетті процедура болмаса да, мұғалімдердің аттестациядан мерзімінен бұрын жаппай өтіп жатқанын байқап отырмыз. Бұл мұғалімдерге қаржылық мотивация ретінде қажет екенін түсінеміз", - деді Қарина.
Айта кетері, мұғалім тек мектеп бағдарламасы бойынша ғана тест тапсырады. Бұл – мемлекеттік білім стандартының ең төменгі талабы. Сондай-ақ ол мұғалімнің күнделікті оқушыларға үйрететін бағдарламасы. Тестілеу кезінде мұғалімдерден басқа ештеңе талап етілмейді.

Тест тапсыруға барған мұғалім қайтыс болды

14 сәуірде Алматыда мұғалім біліктілік тестін тапсырып жатқанда қайтыс болды. Қайғылы оқиға Алматыдағы логистика және көлік академиясында болған.
1973 жылы туған ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған, біліктілік тестінен өту орнында медицина қызметкерлері болмаған.
Ер адам гипертензиялық (гипертониялық) ауруына байланысты емханада есепте тұрған.
Жаңалықтар
0