Әлем

Украинадағы арнайы операция: химиялық қару қолдану қаупі бар

© Photo : Fotolia/CapifruttaЛаборатория
Лаборатория - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2022
Жазылу
Батыс Украинада Ресейді химиялық қару қолданды деп айыптау үшін химиялық қарумен арандатушылық дайындап жатыр. Бұл туралы Федерация кеңесінің вице-спикері Константин Косачев мәлімдеді.
Ол еуропалықтар мен америкалықтардың алдында Мәскеуді қаралап, әлдеқайда қатаң санкцияларға сылтау табу үшін НАТО-ға диверсия қажет болып отырғанына сенімді, деп жазды РИА Новости.
АҚШ Президенті Джо Байден наурыздың соңында-ақ "егер Ресей химиялық қару қолданса", Украинадағы қарулы қақтығысқа НАТО тікелей қатысатынын ашық мәлімдеді. Германия канцлері Олаф Шольц пен Солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг бұл уәжді қолдап, уландыратын соғыс құралдарын қолдану Батыстың "қатаң жауабына" себеп болатын "қызыл сызық" екенін айтты.
Олар Украинаға сарбаз жіберу жайын айтқан жоқ. Себебі Мәскеумен тікелей қақтығыс ядролық соғысқа ұласып кетуі әбден ықтимал екенін жақсы түсінеді. Бірақ "химиялық қойылым" Вашингтон мен Брюссельге санкцияларды қатаңдатып, саяси-экономикалық қысымды арттыру үшін қажет.

"Батыс елдерінде ішкі қысым күннен-күнге артып жатыр. Өздеріне залал келтіретін санкциялар қабылдайтын жағдай туындады. Сондықтан шенеуніктер бұл шешімдерін, азық-түлік пен бензин қымбаттауын халық алдында ақтай алатындай себеп қажет. Жаппай қырып-жою қаруы қолданылуы мүмкін. Сондықтан батыс саясаткерлерінің уландыратын соғыс құралдарын қолдану туралы сөздері үлкен күдік тудырады", - дейді Костантин Косачев.

Тарихта химиялық қаруды басқа елдерге қысым мен шабуылды күшейтудің сылтауы ретінде қолданған жағдай көп. Соның бірі ретінде, 2003 жылдың ақпанында БҰҰ-да мемлекеттік хатшы Колин Пауэлл "сібір жарасының бацилласы" бар түтікшені көрсеткен соң, АҚШ Иракқа басып кірді.
Алайда ирак жерінен жаппай қырып-жою қаруы табылған жоқ. Бірақ бұл арандату Бағдатқа үлкен құлдырау мен жүз мыңдаған адам шығынын алып келді. Химиялық қару 2013 жылдың жазында АҚШ пен оның одақтастарының Сирияға толық көлемде интервенциясының себебіне айнала жаздады. Тамызда Шығыс Гутада белгісіз біреулер зарин газын сеуіп, соның салдарынан 600-ден 1300-ге дейін адам көз жұмды.
Америкалықтар бұған Башар Асад үкіметін кінәлап, қорғаныс кәсіпорындарына зымыран және авиациялық соққы жасаймын деп сес көрсетті. Бірақ Мәскеу Дамаскты соғыс химиясының қорын халықаралық бақылаушылар бақылауымен көзін жоюға көндіруінің нәтижесінде бұл дағдарысты реттеу мүмкін болды.
"2017 жылы ресми декларацияланған сириялық уландыратын заттар қоры жойылды. Бірақ 4 сәуірде Идлиб провинциясындағы Хан-Шейхун қаласында зарин газынан 89 адам мерт болып, 550 адам жараланды. Бұған Асадты кінәлап, үш күннен кейін АҚШ әскери-әуе күштері сириялық Шайрат авиабазасына "Томагавкпен" соққы жасады", - деп жазылған материалды.
Украина әскери қызметкерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина Қарулы күштері террористік тактика қолданып жатыр – әскери сарапшы
Ал ресейлік арнайы әскери операция басталған шақтан бері батыстағы БАҚ "орыстар қасақана тұрғын үйлерді қиратып, бейбіт халыққа оқ атып жатыр" деген жалған ақпаратқа қоғамды сендіруге тырысып жатыр. Олар азаматтық инфрақұрылымға Украина Қарулы күштері, ұлттық батальон мен өңірлік қорғаныс құрылымдары залал келтіріп жатқаны туралы жазбайды.
Желіде Украина Қарулы күштері артиллерияны тұрғын үй жанында орнатып, халыққа эвакуациялауға мүмкіндік бермей отырғанының видеосы көп. Әсіресе, батыстағы баспасөз құралдары Бучадағы кадрларды қайталап жариялауды тоқтатар емес. Ресейлік әскер 30 наурызда Бучадан кеткеннен кейін 3 сәуірде қалаға кірген өңірлік батальон сарбаздары қала көшелерінде азаптап қинаған, қысым көрген адамдардың мәйітін тауып алуы тіпті түсініксіз. Әйтсе де бұған әрі бірден орыстарды кінәлай жөнелді.
Бірақ мамандар украин билігі таратып жатқан Бучада түсірілген видеороликтегі бірнеше қиыспайтын тұстарды атап көрсетті. Біріншіден, мәйіт жағдайын бағалағанда, олар украин әскері келуінен екі күн бұрын өлтірілгенге ұқсайды: мәйіт шірімеген. Екіншіден, мәйіттердің басым бөлігінде ақ таңғыш мата болған: бұл ресейліктер қолданатын айыру белгісі. Үшіншіден, видеокадрдағы кейбір "өлілер" жыбырлап жатыр. Төртіншіден, мәйіттің көбі бір-біріне ұқсас киім киген және көшенің шектеулі аумағында жатыр. Бесіншіден, 2 сәуірде Бучада болған журналистер ешқандай жаппай қырып-жою фактісі туралы хабарлаған жоқ. Осы тектес ұйқаспайтын тұс көп.
"Киевте Донбасс үшін шайқас нәтижесі қандай болатынына қатты алаңдап отыр. Украина мен АҚШ анық көрініп тұрған осындай арандату арқылы арнайы операцияны тоқтатуды көздеп отыр. Олар тіпті мұны кім бірінші орындайды деп жарысып жатқан секілді. Америкалықтар батыс әлемінің үстемдігін көрсетуге ұмтылады. Олардың жоспары ортақ – Ресейді бүкіл әлемге жексұрын етіп көрсету", - дейді саясаттанушы Андрей Суздальцев.
Барлық "қойылым" жоспарға сай аяқталып жатқан жоқ. Мысалы, 8 сәуірде Украина Қарулы күштері Краматорсктегі теміржол вокзалына "Точка-У" баллистикалық зымыранымен соққы жасады. Соның салдарынан 50 адам көз жұмды. Украин және батыстағы БАҚ бірден Мәскеуді кінәлады. Бірақ анық көрініп тұрған сериялық нөмірі бар қирандылардың суреті тарап кетті. Бұл сериялық нөмір оқ-дәрі украин арсеналына тиесілі екенін анықтауға мүмкіндік берді. Осыдан кейін батыс журналистері Краматорск жайлы айтуды доғарды.
"НАТО мен Еуроодақ елдері халықтың жаппай қырылуын "ұнамсыздарды" жазалау әдісі ретінде қолдануды әдетке айналдырған. 1999 жылдың қаңтарында Югославия полициясы Кососвоның Речак аулында рейд жүргізіп, 45 содырдың көзін жойды. Еуроодақ комиссиясы оларды бейбііт халыққа жатқызды да, бұл соғыс бастауға сылтау болды. НАТО-ның 78 күнге созылған әуедегі әскери іс-қимылынан мыңдаған адам көз жұмып, елді күйретті. Жалпы батыс саясаткерлері, әскерилері мен арқайы қызмет өкілдері қандай да бір әдіс нәтиже берсе, соны қайталанып қолдана береді", - деп жазылған РИА Новости материалында.
Жаңалықтар
0