https://sputnik.kz/20220416/ukraina-qaruly-kushter-taktika-24279698.html
Украина Қарулы күштері террористік тактика қолданып жатыр – әскери сарапшы
Украина Қарулы күштері террористік тактика қолданып жатыр – әскери сарапшы
Sputnik Қазақстан
Украина Қарулы күштерінің Белгород пен Брянск облыстарында бейбіт тұрғындарға қарай оқ жаудыруы Ресей әскерін батыс шекара бойына қарай ығыстыру мақсатында... 16.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-16T08:51+0500
2022-04-16T08:51+0500
2023-08-09T17:19+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
қазақстанның қарулы күштері
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1f/23859847_0:9:3072:1737_1920x0_80_0_0_9cb55a01b32b3fd2ab1d250d79448846.jpg
14 сәуірде украин әскери-әуе күштерінің ауыр шабуылдау қаруы бар Ми-8 екі көпмақсатты тікұшағы Брянск облысында шамамен 10 километрде Ресейдің әуе кеңістігін бұзып, шағын биіктікте Климоводағы аудан орталығына жақын келіп, реактивті снарядтармен тұрғын үйлерге оқ атты. Атыс кезінде сегіз адам, соның ішінде жүкті әйел мен бала жараланды. Үш адамның жағдайы қанағаттанарлықтай болса, екі науқастың жағдайы ауыр.Бірнеше сағат өткеннен кейін Сумск облысының аумағынан Белгород облысындағы шекара маңындағы ресейлік Сподарюшино ауылына оқ атты. Климовода тікұшақ шабуылынан бір күн бұрын Новые Юрковичи автомобильді шекара өткеліндегі бақылау-өткізу пунктіне украин тарапынан оқ астында қалды. Чернигов облысындағы шабуылға ресейлік әскерилер тойтарыс берді.Еске салсақ, сәуірде Украина Қарулы күштерінің екі тікұшағы 30 километр қашықтыққа Ресей Федерациясының шекарасын бұзып, шағын биіктіктен Белгородтағы мұнай базасына реактивті снарядтар жаудырды.Украина Қарулы күштерінің күн сайын жалғасып жатқан мұндай террористікіс-қимылы Еуропадағы қақтығыс аумағын кеңейтуді көздейді. 11 сәуірден бастап Ресейдің шекара маңындағы аудандарында террористік қауіптің жоғары – сары деңгейі белгіленді.Климоводағы атыс 13 сәуірде Ресей қорғаныс министрлігі мынандай ескертпе жасағаннан кейін болды: Украин әскері Ресей Федерациясы аумағындағы нысандарға оқ атуы мен барлық диверсия әрекетін көріп отыр. Егер мұндай оқиғалар жалғаса берсе, онда РФ Қарулы күштері шешімдер қабылдау орталығына соққы жасайды.15 сәуірде Ресей "Калибр" теңізге арналған үлкен қашықтықта әрекет ететін дәлдігі жоғары зымырандармен Киевтің шет аймағындағы әскери нысанға соққы жасады. Соның нәтижесінде "Визар" цехының зениттік зымыран кешендері мен кемеге қарсы зымырандар дайындайтын және жөндейтін екі цехы қиратылды."Чернигов облысындағы авиабазаға қайта оралар кезінде ресейлік зениттік зымыран кешені С-400 "Триумф" 15 сәуірде Ми-8 украин ұшағын құлатты. Сол уақытта Харьков облысында Украинаның Су-27 ұшағы "демилитаризацияланды". Негізінен Пентагон мен Американың орталық барлау қызметінің мамандары сегіз жыл бойы Украина Қарулы күштерінің әскери машығын жетілдіргенін ұмытпау керек. Украин әскерінің Харьков, Полтава, Днепропетровск, Запорожье, Николаевты "тірі қалқан" ретінде қолдануы бұл қалалардың толығымен қирауына алып келеді", - деп жазды әскери сарапшы.Сәуірдің ортасында Ресей әскер Донецк және Луганск халық республикаларының күштерімен бірлесіп, 100 мыңға жуық украин әскері шоғырланған Донбасс қазандығын (Славянск – Краматорск – Артемовск) жоюға кірісті.Өткен бір жарым айда Вашингтон Киевке құны 1,65 миллиард доллар болатын қару-жарақ жеткізді. Ресей АҚШ-ты Украинаны қаруланыруды доғаруға шақырды. Әйтпесе оның салдары қандай болатынына кепіл жоқ. Бұл туралы РФ сыртқы істер министрлігінің ресми дипломатиялық нотасында жазылған. Құжаттың көшірмесі The Washington Post редациясында да жарияланды.Ресейдің тергеу комитеті Украинаға 25 мемлекет, соның ішінде НАТО-ға мүше 21 ел Украинаға әскери техника жөнелтіп жатқаны туралы ақпарат бар екенін мәлімдеді. "Серіктестер" өз арсеналының азаюына қарамастан, Украинаға әскери техника жіберуді қарқындата түсті.Жалпы Украина Қарулы күштері атыстың әскери көмегін тиімсіз қолданып жатыр. Ал ресейлік әскери-бомбалау соққылары күн сайын Украинаның бүкіл аумағындағы Харьковтан Ивано-Франковскаға дейінгі аймақтағы НАТО қару-жарағының орналасқан базаларын қиратып жатыр.Хроленконың пікірінше, Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Киев режимі әскерін талқандап тастауға қауқары жеткілікті. Ресейлік арнайы әскери операция аяқталғанымен, тарих тоқтап қалмайды. Мәскеу көпполярлы әлемнің тең, бөлінбейтін қауіпсіздігін қалыптастыру мақсатымен көрші мемлекеттің антиресейлік іс-қимылына әлі-ақ толық жауап қайтарады. Сондықтан АҚШ Еуропадан оккупациялау әскерін алып кетуге мәжбүр болады.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1f/23859847_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_077eacb2c872f16dc9b2c82a4aa6be66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстанның қарулы күштері
қазақстанның қарулы күштері
Украина Қарулы күштері террористік тактика қолданып жатыр – әскери сарапшы
08:51 16.04.2022 (жаңартылды: 17:19 09.08.2023) Украина Қарулы күштерінің Белгород пен Брянск облыстарында бейбіт тұрғындарға қарай оқ жаудыруы Ресей әскерін батыс шекара бойына қарай ығыстыру мақсатында қақтығыс аумағын кеңейтуге бағытталған, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
14 сәуірде украин әскери-әуе күштерінің ауыр шабуылдау қаруы бар Ми-8 екі көпмақсатты тікұшағы Брянск облысында шамамен 10 километрде Ресейдің әуе кеңістігін бұзып, шағын биіктікте Климоводағы аудан орталығына жақын келіп, реактивті снарядтармен тұрғын үйлерге оқ атты. Атыс кезінде сегіз адам, соның ішінде жүкті әйел мен бала жараланды. Үш адамның жағдайы қанағаттанарлықтай болса, екі науқастың жағдайы ауыр.
Бірнеше сағат өткеннен кейін Сумск облысының аумағынан Белгород облысындағы шекара маңындағы ресейлік Сподарюшино ауылына оқ атты. Климовода тікұшақ шабуылынан бір күн бұрын Новые Юрковичи автомобильді шекара өткеліндегі бақылау-өткізу пунктіне украин тарапынан оқ астында қалды. Чернигов облысындағы шабуылға ресейлік әскерилер тойтарыс берді.
Еске салсақ, сәуірде Украина Қарулы күштерінің екі тікұшағы 30 километр қашықтыққа Ресей Федерациясының шекарасын бұзып, шағын биіктіктен Белгородтағы мұнай базасына реактивті снарядтар жаудырды.
Украина Қарулы күштерінің күн сайын жалғасып жатқан мұндай террористікіс-қимылы Еуропадағы қақтығыс аумағын кеңейтуді көздейді. 11 сәуірден бастап Ресейдің шекара маңындағы аудандарында террористік қауіптің жоғары – сары деңгейі белгіленді.
Климоводағы атыс 13 сәуірде Ресей қорғаныс министрлігі мынандай ескертпе жасағаннан кейін болды: Украин әскері Ресей Федерациясы аумағындағы нысандарға оқ атуы мен барлық диверсия әрекетін көріп отыр. Егер мұндай оқиғалар жалғаса берсе, онда РФ Қарулы күштері шешімдер қабылдау орталығына соққы жасайды.
15 сәуірде Ресей "Калибр" теңізге арналған үлкен қашықтықта әрекет ететін дәлдігі жоғары зымырандармен Киевтің шет аймағындағы әскери нысанға соққы жасады. Соның нәтижесінде "Визар" цехының зениттік зымыран кешендері мен кемеге қарсы зымырандар дайындайтын және жөндейтін екі цехы қиратылды.
"Чернигов облысындағы авиабазаға қайта оралар кезінде ресейлік зениттік зымыран кешені С-400 "Триумф" 15 сәуірде Ми-8 украин ұшағын құлатты. Сол уақытта Харьков облысында Украинаның Су-27 ұшағы "демилитаризацияланды". Негізінен Пентагон мен Американың орталық барлау қызметінің мамандары сегіз жыл бойы Украина Қарулы күштерінің әскери машығын жетілдіргенін ұмытпау керек. Украин әскерінің Харьков, Полтава, Днепропетровск, Запорожье, Николаевты "тірі қалқан" ретінде қолдануы бұл қалалардың толығымен қирауына алып келеді", - деп жазды әскери сарапшы.
Сәуірдің ортасында Ресей әскер Донецк және Луганск халық республикаларының күштерімен бірлесіп, 100 мыңға жуық украин әскері шоғырланған Донбасс қазандығын (Славянск – Краматорск – Артемовск) жоюға кірісті.
Өткен бір жарым айда Вашингтон Киевке құны 1,65 миллиард доллар болатын қару-жарақ жеткізді. Ресей АҚШ-ты Украинаны қаруланыруды доғаруға шақырды. Әйтпесе оның салдары қандай болатынына кепіл жоқ. Бұл туралы РФ сыртқы істер министрлігінің ресми дипломатиялық нотасында жазылған. Құжаттың көшірмесі The Washington Post редациясында да жарияланды.
Ресейдің тергеу комитеті Украинаға 25 мемлекет, соның ішінде НАТО-ға мүше 21 ел Украинаға әскери техника жөнелтіп жатқаны туралы ақпарат бар екенін мәлімдеді. "Серіктестер" өз арсеналының азаюына қарамастан, Украинаға әскери техника жіберуді қарқындата түсті.
Жалпы Украина Қарулы күштері атыстың әскери көмегін тиімсіз қолданып жатыр. Ал ресейлік әскери-бомбалау соққылары күн сайын Украинаның бүкіл аумағындағы Харьковтан Ивано-Франковскаға дейінгі аймақтағы НАТО қару-жарағының орналасқан базаларын қиратып жатыр.
Хроленконың пікірінше, Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Киев режимі әскерін талқандап тастауға қауқары жеткілікті. Ресейлік арнайы әскери операция аяқталғанымен, тарих тоқтап қалмайды. Мәскеу көпполярлы әлемнің тең, бөлінбейтін қауіпсіздігін қалыптастыру мақсатымен көрші мемлекеттің антиресейлік іс-қимылына әлі-ақ толық жауап қайтарады. Сондықтан АҚШ Еуропадан оккупациялау әскерін алып кетуге мәжбүр болады.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.