Ресейді жаһандық оқшаулау неге әкеледі

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуРесейдің мемлекеттік туы
Ресейдің мемлекеттік туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2022
Жазылу
Ресейді соғыс даласында жеңу мүмкін емес болғандықтан, оның бір ғана шешімі бар. Ол шешім экономиканық құлдырауына, биліктің ауысуына алып келетіндей деңгейде сырттан қуатты экономикалық қысым көрсетуді қамтиды. Батыс осы әдіске көшкенін жасырып отырған жоқ. Бұл Украинадағы әскери қақтығысты тоқтатуды көздейтін санкциялар жайлы емес. Бұл Ресейді жеңуге бағытталған блокада, деп жазды РИА Новости колумнисі.
"Біздің геосаяси қарсыластарымыз Рессейді әлем экономикасынан барынша оқшаулауды көздеп отыр. Яғни оның сырт әлемнен барлық байланысын үзуді қалайды. Осы арқылы елдің экономикалық құлдырау мен ыдырау процесін іске қосады. Жалпы төрт жүйелі тармақ арқылы Ресейдің жаһандық блокадасын ұйымдастыру әрекеті жүріп жатыр", - деді Федерация кеңесінде сөз сөйлеген бірінші вице-премьер Алексей Белоусов.
Белоусов оқшаулаудың бұл төрт тармағы ретінде қаржы, сауда, көлік және гумантарлық қысымды атады. Бірақ ол көлемі бойынша алтыншы орында тұрған әлем экономикасы бар Ресейді жаһандық эконмикалық жүйеден оқшаулау арқылы толығымен блокада ұйымдастыру мүмкін емес екенін және соңғы бір жарым айдағы оқиғалар осыған дәлел екенін айтты.
"Бүгінде әлем қарсы екі тарап қана болған қырғи-қабақ соғыстағы кезден әлдеқайда күрделірек. Осы күрделі әлемде бір ғана мемлекет толық жаһандық үстемдікті сақтай алмайды. Заманауи әлемде бір елді толығымен оқшаулау тіпті мүмкін емес. Ал Ресей сияқты алып мемлекетті оқшаулау мүлде орындалмайды. Сондықтан біз өзара іс-қимылды қажет ететін серіктестттерімізбен жұмысты жалғастыра береміз", - деді сейсенбіде РФ президенті Владимир Путин.
Доллар және теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2022
Экономика
ЕАЭО елдері өзара есеп айырысуда доллардан бас тартуға тырысып жатыр – Ресей СІМ
Блокада мемлекетті сауда серіктестерінің басым бөлігінен ажырататындай мейлінше толық болса ғана нәтиже береді. Тарихта 90-шы жылдары Иракты дәл осылай оққшаулауға тырысты. Оған БҰҰ санкциялары да салынды. Солтүстік Кореяға қатысты да осы әдіс қолданылып жатыр. Бірақ екі жағдайда да қосы мемлекет санкцияны сырт айналатын амал-айла тауып жатты. Иракта өмір сүру деңгейі қатты төмендегенмен, ол мемлекет ретінде ыдырап кеткен жоқ. Бұл елде тіпті билік ауысқан жоқ. Ал КХДР бұрыннан жабық әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін мемлекет болса да, соңғы жылдары бұл елге Қытай қолдау көрсетіп келе жатыр.
Ал Ресейге қатысты бүкіләлемдік емес, тек Батыс санкциялары салынды және санкция енгізуде оларда бірлік жоқ екені байқалады. Батыс Ресей валюталық активтерінің үштен екісін бұғаттағанмен, Еуропа ресейлік энергия тасымалдағыштардан бас тарта алмайды. Сондықтан Батыс экспортқа тыйым салу арқылы Ресейді жоғары технологиялардан ажыратып, көлік компанияларымен сақтандырушыларға қысым көрсету арқылы Мәскеудің сырт әлеммен сауда байланысын ғана үзе алады.
Ресейлік мұнай, көмір, газдан бас тартса, оны басқа мемлекет сатып алады. Ресей экспорттайтын басқа тауарлар да дәл осылай сатылады. Бұл бюджет кірісіне уақытша шығын келтіргенмен, елдің дамуын тоқтатпайды.
"Бүкіл әлемді Ресейді оқшаулауға қосылуға үгіттеу еш нәтиже берген жоқ. Оған соңғы бір жарым айда әлемнің көзі жетті. Осы процесс ұзаққа созылған сайын бұл оқшаулауға қосылғандар қайта айнып қалуы мүмкін. Ресейді Адам құқықтары жөніндегі кеңестен шығару туралы БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен дауыс беру осының айғағына айналды. Ресейдің аталған кееңестегі жұмысы тоқтатылды, дәл сол күні Ресей өз өкілеттігін тоқтататынын хабарлады. Алайда мәселе дауыс беру процесінің қалай өткенінде және кім қолдап, кім қарсы болғанында", - деп жазды РИА Новости.
2 наурызда дәл осы Ассамблея "Украинаға қарсы агрессия" антиресейлік резолюциясын қабылдады. Бұл резолюцияны 141 ел қолдаса, Ресейді қосқанда 5 мемлекет қарсы болды. 35 ел қалыс қалып, тағы 12 мемлекет жиынға қатыспады. Яғни 51 мемлекет өз бетінше шешім қабылдап, батыс қысымына төтеп бере алар еді. Сондай-ақ қолдап дауыс берген 141 мемлекеттің бәрі Ресейге қарсы санкцияны мақұлдамайтыны анық. Олардың қатарында Түркия, Мексика, Бразилия, Аргентина мен резолюцияны қолдауға мәжбүр болған Сербия бар.
Аэропорт Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2022
24 ақпаннан бері Қазақстанға 130 мың Ресей азаматы келген
Ал 7 сәуірде өткен дауыс беру процесінде Ресейді Адам құқықтары жөніндегі кеңестен шығаруды 93 мемлекет қолдаса, 24 ел қарсылық танытты. Ал 58 мемлекет қалыс қалды. Яғни көрсеткіш араға бір ай салып-ақ өзгеріп отыр. Ресеймен бірге қарсы дауыс берген елдер қатарында бұрынғы кеңестік мемлекеттермен қатар Иран, Алжир, Эфиопия, Вьетнам, Боливия, Конго ен Қытай бар. Ал қалыс қалғандар тізімінде Латын Америкасындағы басты мемлекеттер Бразилия мен Мексика, Үндістан, ислам әлемінен Мысыр, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Индонезия, Малайзия, Катар бар. Бұл осы мәселеде Батыстың ұсынысын қолдаудан бас тартқандар болып отыр.
Ресейлік БАҚ жазғандай, дауыс беру нәтижесі 93 дауысқа қарсы 82 нәтижесімен Ресей пайдасына қарай шешілмесе де, мемлекеттерді саралай келе, батыс блогын негізінен Африка мен Латын Америикасындағы ұсақ елдер және Океанияя ғана қолдап отырғанын аңғаруға болады. Бұл тізімде Азия, тіпті Ресейге қарсы дауыс берген Түркия жоқ.
"Әлем біздің көз алдымызда өзгеріп жатыр. Ал англосаксондар Ресейді оқшаулауға мүмкіндік бар деп әлі сеніп отыр. Қабылданған санкциялар бірінші кезекте Ресейге емес, Батыстың өзіне үлкен шығын алып келді. Соның салдарынан батыс валюталарына деген сенім әлсіреді", - деп түйіндеді мақала авторы.
Жаңалықтар
0