https://sputnik.kz/20220413/zeynet-zhasyna-zhaqyndagan-mugalim-direktor-ayyp-24186960.html
"Жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жатыр": зейнет жасына жақындаған мұғалім көмек сұрады
"Жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жатыр": зейнет жасына жақындаған мұғалім көмек сұрады
Sputnik Қазақстан
Мұғалімнің айтуынша, директор оны өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жатыр 13.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-13T17:59+0500
2022-04-13T17:59+0500
2022-04-13T17:59+0500
қоғам
мұғалім
мектеп директоры
https://sputnik.kz/img/618/90/6189085_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_249c964b8a5f45ac3a493ebcf9c997d3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылындағы №22 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Есенғали Бижанов директоры оны өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жатқанын мәлімдеді.Педагог әлеуметтік желіде шағымданып, зейнетке шыққанға дейін жұмыс істей тұруға көмектесуді сұрады."Мен орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Есенғали Нұрғалиұлы Бижановпын. Жасым 59-да. Зейнетке шығуға 5 жыл қалды. Бес жыл ішінде мен Талғар ауданының жеті мектебінде жұмыс істедім. Мектеп директорлары өз еркімен қызметтен кетуге өтініш жазуға мәжбүрлейді. Олар қоқан-лоққы көрсетеді, бопсалайды. Қазақстанда "күміс жас" деген ұғым бар. Бес жыл тыныш жұмыс істеуге көмектесіңіздерші", - деп жазды мұғалім әлеуметтік желіде.Sputnik Қазақстан редакциясы Алматы облысының білім басқармасына жүгінді. Ведомство Есенғали Бижановтың шынымен де Қарабұлақ ауылының №22 мектебінде сабақ беретінін растады және ол биылғы оқу жылының соңына дейін істейтінін атап өтті.Білім басқармасы мұғалімнің мәлімдемесі шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Олардың айтуынша, педагог №22 мектепте 2021 жылғы 1 қарашадан бастап істейді. Сол кезде ер адаммен 3 айдан 6 айға дейін сынақ мерзімі кіретін еңбек келісімшарты бекітілген."Бижанов өз үндеуінде қате ақпарат көрсеткен. Өйткені оны ешкім қызметтен кетуге өтініш жаз деп мәжбүрлеген жоқ. Жұмыс кезінде Бижановқа еңбек тәртібін бұзып, педагог этикасын сақтамағаны үшін бірнеше рет ауызша ескерту жасалды", - деп жауап берді облыстың білім басқармасы.Осыған байланысты Бижановқа еңбек келісімшарты бұзылатынын ауызша ескерткен, ал жазбаша хабарламаны оқу жылының соңында беруді уәде еткен.
https://sputnik.kz/20220413/mugalim-zhumys-qyzylorda-24164345.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/618/90/6189085_132:0:1817:1264_1920x0_80_0_0_72085fc9eaf4cbc073532e457c93c79c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, мектеп директоры
мұғалім, мектеп директоры
"Жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жатыр": зейнет жасына жақындаған мұғалім көмек сұрады
Мұғалімнің айтуынша, директор оны өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылындағы №22 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Есенғали Бижанов директоры оны өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүрлеп жатқанын мәлімдеді.
Педагог әлеуметтік желіде шағымданып, зейнетке шыққанға дейін жұмыс істей тұруға көмектесуді сұрады.
"Мен орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Есенғали Нұрғалиұлы Бижановпын. Жасым 59-да. Зейнетке шығуға 5 жыл қалды. Бес жыл ішінде мен Талғар ауданының жеті мектебінде жұмыс істедім. Мектеп директорлары өз еркімен қызметтен кетуге өтініш жазуға мәжбүрлейді. Олар қоқан-лоққы көрсетеді, бопсалайды. Қазақстанда "күміс жас" деген ұғым бар. Бес жыл тыныш жұмыс істеуге көмектесіңіздерші", - деп жазды мұғалім әлеуметтік желіде.
Sputnik Қазақстан редакциясы Алматы облысының білім басқармасына жүгінді. Ведомство Есенғали Бижановтың шынымен де Қарабұлақ ауылының №22 мектебінде сабақ беретінін растады және ол биылғы оқу жылының соңына дейін істейтінін атап өтті.
Білім басқармасы мұғалімнің мәлімдемесі шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Олардың айтуынша, педагог №22 мектепте 2021 жылғы 1 қарашадан бастап істейді. Сол кезде ер адаммен 3 айдан 6 айға дейін сынақ мерзімі кіретін еңбек келісімшарты бекітілген.
"Бижанов өз үндеуінде қате ақпарат көрсеткен. Өйткені оны ешкім қызметтен кетуге өтініш жаз деп мәжбүрлеген жоқ. Жұмыс кезінде Бижановқа еңбек тәртібін бұзып, педагог этикасын сақтамағаны үшін бірнеше рет ауызша ескерту жасалды", - деп жауап берді облыстың білім басқармасы.
Осыған байланысты Бижановқа еңбек келісімшарты бұзылатынын ауызша ескерткен, ал жазбаша хабарламаны оқу жылының соңында беруді уәде еткен.