https://sputnik.kz/20220413/mugalim-zhumys-qyzylorda-24164345.html
Мұғалім болып жұмысқа орналаспақ болған қызылордалық 850 мың теңгесінен айырылды
Мұғалім болып жұмысқа орналаспақ болған қызылордалық 850 мың теңгесінен айырылды
Sputnik Қазақстан
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр 13.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-13T07:03+0500
2022-04-13T07:03+0500
2022-04-13T07:03+0500
қызылорда
алаяқ
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893728_0:0:2560:1440_1920x0_80_0_0_4e0a45f1630fd79b2d01f6f9d450cfc1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Мұғалім болып жұмысқа орналаспақ болған қызылордалық 850 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 11 сәуір күні алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған. Азаматша өзінің арызында алаяққа алданғанын айтқан. Алаяқ азамат өткен жылдың тамыз айында мұғалімдікке жұмысқа орналастырып беремін деп уәде берген. Сөйтіп жәбірленушіден 850 мың теңге ақша алған. Бірақ көп ұзамай ақшаны алдап алған азамат телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналасу мәселесінің шешімін таппаған. Сонымен жәбірленуші әйел полицияға арыздануға мәжбүр болды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, облыс орталығының тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893728_320:0:2240:1440_1920x0_80_0_0_96ca798226e0d3a4e4e96593d151facf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда, алаяқ
Мұғалім болып жұмысқа орналаспақ болған қызылордалық 850 мың теңгесінен айырылды
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Мұғалім болып жұмысқа орналаспақ болған қызылордалық 850 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
11 сәуір күні алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған. Азаматша өзінің арызында алаяққа алданғанын айтқан.
Алаяқ азамат өткен жылдың тамыз айында мұғалімдікке жұмысқа орналастырып беремін деп уәде берген. Сөйтіп жәбірленушіден 850 мың теңге ақша алған. Бірақ көп ұзамай ақшаны алдап алған азамат телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналасу мәселесінің шешімін таппаған.
Сонымен жәбірленуші әйел полицияға арыздануға мәжбүр болды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, облыс орталығының тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.