https://sputnik.kz/20220413/qarzhy-piramidasy-zharnama-zhuldyzdar-24179230.html
Мәжіліс спикері қаржы пирамидасын жарнамалайтын жұлдыздар жайлы: оларды жазалау керек
Мәжіліс спикері қаржы пирамидасын жарнамалайтын жұлдыздар жайлы: оларды жазалау керек
Мәжілістің бір топ депутаты қаржы пирамидаларына жарнама жасаған адамдарға қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейтін заң жобасын әзірлеген 13.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-13T14:55+0600
2022-04-13T14:55+0600
2022-04-13T14:55+0600
вайнер
жұлдыздар
қаржы пирамидасы
жаза
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028442_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_49a70cc08f944b5c1e3e8f5a5ab55605.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қаржы пирамидаларын жарнамалайтын әртістер, блогерлер мен вайнерлер қылмыстық жауапқа тартылады. Тиісті заң жобасын мәжіліс депутаттары мамыр айында талқылайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мәжіліс отырысында депутат Юрий Ли Бас прокурор, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қаржы мониторингі агенттігі мен ішкі істер министріне қаржы пирамидаларына қатысты депутаттық сауал жолдады. Мәжілісмен биыл 11 сәуірде астанада Mudarabah Capital қаржы пирамидасының салымшыларының бірі өзін-өзі өртеп жібергенін еске салды. Оның үстіне, айтуынша, мәжілістің бір топ депутаты қаржы пирамидаларына жарнама жасаған адамдарға қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейтін заң жобасын әзірлеген. Тиісті процедуралардан кейін, мамыр айында депутаттар заң жобасын қарауға кіріседі. Осы орайда мәжіліс спикері Ерлан Қошанов заң жобасын тез арада қарауды тапсырды. "Онда қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін жауапкершілік енгізілуі керек. Әсіресе, вайнерлерге, әртістерге, блогерлерге, қоғамдық пікір лидерлеріне қатысты. Егер олар қаржы пирамидасының алаяқтық мазмұнын түсіне отырып, оны жарнамаласа, оларды осы үшін жазалау керек. Өйткені халық оларға сенеді, ақшасын салады, кейін бар жиған-тергенінен айырылады. Сондықтан сіз өте өзекті мәселені көтеріп отырсыз. Біз мұндай алаяқтардың әрекеті қандай трагедияға әкеп соғатынын көрдік", - деді Қошанов. Мәжіліс спикері әріптестерін заң жобасымен әрі қарай жұмыс істеуге шақырды. Еске салсақ, 11 сәуірде елордада Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел жұрттың көзінше өзін өртеп жіберді. Mudarabah Capital қаржы пирамидасы 2020 жылы құрылған, оны танымал винерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев жарнамалаған. Кейінірек Саидбаевқа іздеу жарияланды. Бұл қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікті деп танылды, оның екеуіне халықаралық іздеу жарияланған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028442_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_9f1636382b6652730405ba65a30a5bb1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
вайнер, жұлдыздар, қаржы пирамидасы, жаза
вайнер, жұлдыздар, қаржы пирамидасы, жаза
Мәжіліс спикері қаржы пирамидасын жарнамалайтын жұлдыздар жайлы: оларды жазалау керек
Мәжілістің бір топ депутаты қаржы пирамидаларына жарнама жасаған адамдарға қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейтін заң жобасын әзірлеген
НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қаржы пирамидаларын жарнамалайтын әртістер, блогерлер мен вайнерлер қылмыстық жауапқа тартылады. Тиісті заң жобасын мәжіліс депутаттары мамыр айында талқылайды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс отырысында депутат Юрий Ли Бас прокурор, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қаржы мониторингі агенттігі мен ішкі істер министріне қаржы пирамидаларына қатысты депутаттық сауал жолдады.
Мәжілісмен биыл 11 сәуірде астанада Mudarabah Capital қаржы пирамидасының салымшыларының бірі өзін-өзі өртеп жібергенін еске салды.
"Біз қаржы пирамидаларына қарсы күресті күшейту туралы талай рет депутаттық сауал жолдадық. Сол сауалдардың бірінде Mudarabah Capital қаржы пирамидасын жарнамалағандарды жауапкершілікке тартуға баса назар аудардық. Жұлдыздар мен блогерлердің осындай пирамидаларды жарналамауға қатысуын өте ұят және қылмыс деп санаймыз. Қазіргі таңда олардың көбісіне қатысты тергеу жүріп жатыр", - деді Юрий Ли.
Оның үстіне, айтуынша, мәжілістің бір топ депутаты қаржы пирамидаларына жарнама жасаған адамдарға қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейтін заң жобасын әзірлеген.
Тиісті процедуралардан кейін, мамыр айында депутаттар заң жобасын қарауға кіріседі.
Осы орайда мәжіліс спикері Ерлан Қошанов заң жобасын тез арада қарауды тапсырды.
"Онда қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін жауапкершілік енгізілуі керек. Әсіресе, вайнерлерге, әртістерге, блогерлерге, қоғамдық пікір лидерлеріне қатысты. Егер олар қаржы пирамидасының алаяқтық мазмұнын түсіне отырып, оны жарнамаласа, оларды осы үшін жазалау керек. Өйткені халық оларға сенеді, ақшасын салады, кейін бар жиған-тергенінен айырылады. Сондықтан сіз өте өзекті мәселені көтеріп отырсыз. Біз мұндай алаяқтардың әрекеті қандай трагедияға әкеп соғатынын көрдік", - деді Қошанов.
Мәжіліс спикері әріптестерін заң жобасымен әрі қарай жұмыс істеуге шақырды.
Еске салсақ, 11 сәуірде елордада Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел жұрттың көзінше
өзін өртеп жіберді.
Mudarabah Capital қаржы пирамидасы 2020 жылы құрылған, оны танымал винерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев жарнамалаған. Кейінірек Саидбаевқа іздеу жарияланды.
Бұл қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікті деп танылды, оның екеуіне халықаралық іздеу жарияланған.