Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасына алданған салымшы өзін өртеп жіберді – видео

© Sputnik / Абзал КалиевФинансовая пирамида, иллюстративное фото
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел жұрттың көзінше өзін өртеп жіберді.
Қаржы пирамидасы 2020 жылы құрылған, оны танымал винерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев жарнамалаған. Кейінірек Саидбаевқа іздеу жарияланды.
Алматы полиция департаменті бұл қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікті деп танылып, оның екеуіне халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады.
"Сонымен қатар алты күдікті қамауға алынды, үшеуіне қатысты тергеу соты "кепілмен босату" бұлтартпау шарасын санкциялады, тағы екеуі үйқамақта отыр, біреуі ешқайда кетпеу туралы қолхат берді", - деп хабарлады Алматы полициясы.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 217-бап 3-бөлігі (Қаржы пирамидасын құру және басқару) бойынша 14 адам күдікке ілінген.
Жақын арада қылмыстық іс материалдарын сотқа беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар материалдық шығынды өтеу мәселесін сот қарайды, деп атап өтті полицейлер.
Жаңалықтар
0