Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мариуполь портында не болып жатыр

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуУничтоженное судно в морском рыбном порту в Мариуполе
Уничтоженное судно в морском рыбном порту в Мариуполе - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2022
Жазылу
Донецк халық республикасының әскері "Азов" батальонының аман қалған бөлімшелері тығылған Мариуполь портын бұғаттады. Қарсыластың айбат шегуі біртіндеп бәсеңдеп жатыр – оқ-дәрі таусылуға жақын. Ұлтшылдардың көшбасшылары әуе арқылы қашпақ болса, олардың бағынысындағылар жер үсті арқылы сытылып шығуға талпынып жатыр. РИА Новости теңіз айлағына жасалған шабуыл қалай өткені туралы репортаж жариялады.
Қиратылған доктар, жанып кеткен жүк кемесі, майысқан жүк тиеушілер, асфальтке қадалған мина бөліктері – күні кеше республикалық күштердің бақылауына өткен Мариуполь портының бір бөлігіндегі көрініс осындай. Бетон айлақтың арғы жағында, шамамен екі жүз метр қашықтықта украин әскері жатыр.
Айлақ нысанашы, түзетуші және танкистер үшін таса қызметін атқарып тұр. Т-72 танкі бетон блоктың тасасынан шығып, үш рет атып, қайта тығылады. Осыған жауап ретінде миналар ұшырылады, бірақ нысанадан бірнеше ондаған метр асып құлайды.
"Біз жағдайды бақылауға алғанымызбен, қарсылас әлі де қуатты. Мысалы, екі сағат бұрын біздің танкті атып түсірді. Экипаж мерт болды, машина өртеніп кетті. Нацистердің оқ-дәрісі таусылуын тағатсыздана күтіп отырмыз", - деді ДХР Арнайы мақсаттағы жеке бригаданың мергені Шрам (аты-жөні өзгертілген).
Жауынгерлердің айтуынша, азовтықтар қазір асқан үнемділікпен соғысып жатыр. Өйткені, бір жарым айда олардың оқ-дәрі қоры айтарлықтай азайып қалды. Азат етілген территорияда бос құпия орын көп. Мұнда соғысқа ұзақ уақыт дайындалған.
"Біз қару-жарақ жеткізудің барлық жолын бұғаттадық: жерде, әуеде және теңізде. Соңғы талпыныс бір апта бұрын болды. Батальон басшылығын алып кету үшін Запорожья жақтан ұшып келген тікұшақты атып түсірдік. Тұтқынға түскен экипаж эвакуациядан бұрын айлаққа оқ-дәрі, граната мен мина бар жәшік лақтырғанын мәлімдеді", - дейді Шрам.
Портқа шабуыл әскери операцияның бірінші күнінде басталды. Мариуполь компанияларының біріндегі монтаждаушы Максим Агапов ол таңды әлі ұмытпаған. "Менің ауысымым еді, - деп әңгімеледі ол. – Ресей президенті үндеу жариялағаннан кейін бірден әскери-теңз базасына жақын маңдағы алтыншы айлақтағы әскери кемеге соққы жасады. Біз әріптесім екеуміз үшінші айлақта едік".
Максим Горловкадан келген және әр екі апта сайын вахталық ауысымға жұмысқа түседі. Қаланың тарихи бөлігіндегі шағын жеке үйді әріптестерімен бірге жалдап тұрады.
"Жолдың арғы бетінде азовтықтар пәтер жалдап тұрды, - деп еске алды Агапов. – Олар бейбіт тұрғындарға гуманитарлық дәліз арқылы кетуге болатынын айтқан жоқ. Керісінше, ешкімді босатпады. Кейбір отбасылар бас сауғалауға тырысып көрді, бірақ нацистер оларға оқ атты. Мен қарусыз адамдарды өлтіріп жатқанын өз көзіммен көрдім".
Агаповтың айтуынша, қалада тоқтаусыз оқ атылуына байланысты оққа ұшқандарды дер кезінде жерлеу мүмкін болмаған. Ал көрші аулада нацистер паналап отырған ғимараттан бағытталған минаның түсуінен зейнеткер ажал құшқан.
"Біреуі бізге қарай ұшты, - деп төбені көрсетті Максим. – Төбені тесіп, плита мен қол жуатын шұңғыл ортасында кептеліп қалды. Жолымыз болып, жарылмады. Ас бөлмесін жауып тастап, саперлерді күтіп отырмыз. Ал бүгін таңертең көрші орналасқан бес қабатты ғимараттан бізге снайпер оқ атты. Ресейлік әскерилер оны қарусыздандырды, бірақ тазалау жүріп жатқан кезде бір-екі күн жертөледе болуға кеңес берді".
 Оставленные позиции ВСУ - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина Мариупольге тікұшақтарды не үшін жіберді
Максим портқа қарай шегінген нацистер бейбіт тұрғындардан тартып алған киімддерді киіп, босқындар арасына сіңіп кетуге тырысқанын көрген. Ал ол өзі эвакуациялауды күтіп, көрші қарияларға суын тасып, ас-тамағын дайындап, пеш жағып көмектесіп жатыр. "Мен бар болғаны ата-анам мен әйеліме, үйіме оралуды қалаймын, - дейді монтаждаушы. – Мына жағдайдан кейін толық ес жия алатыныма күмәнім бар. Бұл жақта нағыз тозақтың өзі болды".
Нацистерді теңіз айлағына қарай ығыстыру бір уақытта бірнеше бағыт бойынша жүргізілді: батыстан, солтүстік-батыстан және солтүстіктен. Даладағы майданға кәсіби әскерилермен қатар ақпанда мобилизацияланғандар да қатысты. Қатарға жаңа қосылғандар арасында Донецк опера және балет театрының әртістері, жергілікті филармония музыканттары да болды.
"Таңданарлық адамдар, - дейді ДХР 5-ші бригада комбаты Николаич. – Олардың бірі маған келіп, "менде бір қорап темекі бар, соны қосымша бұқтырылған ет банкісіне айырбастағым келеді" деді. Мен ештеңе қажет емес, банкіні әншейін-ақ ала беруін айттым. Бірақ ол "жоқ, мен айырбас жүргізуді талап етемін" деді. Осындай сәтте нағыз интеллигентпен сұхбаттасып тұрғаныңды түсінесің".
Қазір театр мен филармония қызметкерлері әзірше қауіп сейілмеген порт жанындағы жеке секторды бақылап отыр. Таңертең шабуыл мен нацистерден тазарту жұмыстарына аттанса, кешке от басына жиналып, мерт болған әріптестерін еске алады.
"Өмір бойы соғысып жүрген мені бұл жігіттер таңғалдырды, - дейді Николаич. – Олар кез келген күні жаудың оғынан мерт болуы мүмкін екенін білсе де, жараланғандар мен мерт болғандарды көрсе де, бәрібір өз жұмыстарын атқарып жатыр".
Комбат өнер адамдарын барынша тылда ұстауға тырысып жатқанын айтты. Сондай-ақ ол портта тазалау аяқталған соң, жігіттерді кері Донецкке қайтаратынын жеткізді.
Әскерилердің айтуынша, портта түрлі құрылымдағы азовтықтар қалған. Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі порт пен жақын аймақтағының барлығын тексеріп жатыр. Себебі азовтықтар қулыққа салуы әбден мүмкін. Өйткені олардың әрқайсысында айлақ жұмысшысы немесе басқа кәсіпорын қызметкері ретінде жалған құжаты бар.
"Донецк халық республикасы армиясының қолбасшылығы ұсынған ақпарат бойынша, Мариуполь толығымен тазартылды. Алайда өнеркәсіптік аймақ секілді кейбір ауданда үш-төрт украин әскериі тығылып жатыр. Офицерлер олардың қаруды тастап, өздігінен берілуіне қанша уақыт кететінін нақты айта алмай отыр", - деп жазды мақала авторы.
Жаңалықтар
0