Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина Мариупольге тікұшақтарды не үшін жіберді

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өту Оставленные позиции ВСУ
 Оставленные позиции ВСУ - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Жазылу
Украина Қарулы күштерінен, Украина Ұлттық гвардиясы және жалдамалы әскерден тазартылған Мариупольге Ми-8 тікұшақтарының қауіпті "чартерлік рейстері" және атып құлатылған төрт тікұшақ Донбастағы ресейлік әскермен майданға НАТО-ның бірқатар елінен және жекелеген "бейтарап" еуропалық елдерден офицерлер қатысып отырғанын ашық көрсетті. Сондықтан Батыс қазір Мариуполь порты мен "Азовсталь" жертөлесінен өз әскерилерін аман алып шығуға барын салып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
5 сәуірде Мариупольге жақын теңіз үстінде ресейлік бөлімшелер жылжымалы зениттік зымыран кешендерімен екі украин Ми-8 тікұшағын атып түсірді. Бұл әуе көліктері қалада қамауда қалған Украина Қарулы күштерінен, Украина Ұлттық гвардиясы қолбасшылығын және шетелдік әскери кеңесшілерді эвакуациялауды көздеген.
31 наурызда Мариупольдің сырт аймағында әрқайсысында 17 эвакуацияланған әскери болған екі тікұшақ құлатылды. Жолаушылар мінген тағы екі тікұшақ Днепропетровскке қайта оралды. Украина Қарулы күштерінің тікұшағы құлаған аумақтан Францияның қарулы күштер министрлігі DGSE (Бас сыртқы қауіпсіздік басқармасы) барлау қызметінің екі офицерінің мәйіті табылды. Париж әскери қақтығысқа өзінің қатысқанын мойындамағанмен, мерт болғандардың жеке құжаттары айғақ болып отыр.
Хроленконың айтуынша, ресейлік әскер арнайы операцияның 442 күнінде Украина Қарулы күштеріне тиесілі тұрақтағы 93 тікұшақ пен 112 бұранда қанатты 112 машинаның көзін жойды.
Украина Қарулы күштеріне қарасты әскери тікұшақтардың Мариуполь бағытындағы белсенділігіне аталған аумақтан "Азов" нацистік қарулы құрылым (Ресейді тыйым салынған) қолбасшылығын және жаралыларды алып шығу себеп болған. Бірақ "басшыларды" эвакуациялау үшін 24 жолаушыға дейін сыятын Ми-8 тікұшағының бір борты жеткілікті болар еді.
Сондықтан күні кеше "Азовсталь" ғимаратында натолық Франция, Германия Федеративті респуликасы, Ұлыбритания және "бейтарап" Швецияның офицерлері қалып кеткені туралы ақпарат тарады. "Серіктестер" 5 сәуірде ресейлік әскермен байланысқа шығып, олардан өздерін Мариупольдан алып шығуды сұрады.
 Катовице қаласынан келген алтыншы рейс - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Қоғам
Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау аяқталды
Интернеттің украин сегментінде радиобайланыс қауіпсіздігін ескермеген француздардың әрекеті украин әскерін тиімді қала ортасынан қауіпті өнеркәсіптік аймаққа ығысуға мәжбүрлегені туралы ақпарат тарады. Бірақ барлығына француздарды кінәлауға жөн жоқ.
Ресей қоршауда қалған украин бөлімшелеріне қаруды тастап, ерікті түрде берілуге және тірі күйде қаладан шығуға бірнеше рет үндеді. Бірақ бұл ұсынысты қабылдамады. Оған шетелдік әскерилерді әшкере етпеу себеп болуы мүмкін. Бірақ мұны ұзақ уақыт құпия сақтау екіталай.
АҚШ-тағы The Gray Zone басылымы "Украинадағы 2013-2014 жылдардағы мемлекеттік төңкерістен кейін америкалық әскер неонацистік бөлімшелерді қоса алғанда, украиндерге қалаларда соғыс жүргізуді үйреткенін" жазды. Бұл істе Пентагонға НАТО-ның барлық елі көмектесті.
Украина 1990 жылдардың ортасынан бері АҚШ-тың әскери серіктесі болғаны белгілі. Украина Қарулы күштерінің НАТО оқу-жаттығуларындағы іс-қимылынан басқа, украин әскері АҚШ бастаған соғыстарға да қатысты: 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін Ауғанстанды оккупациялау бойынша халықаралық НАТО қауіпсіздігіне қолдау күштерінің құрамында, 5000-нан астам Украина қарулы күштерінің әскері "Ирак еркіндігі" операциясы форматында Ирак жерінде болды.
2015 жылдан бастап АҚШ Армиясы Еуропа қолбасшылығы Бірлескен көпұлтты жедел топқа жетекшілік етті. Оның аясында Пентагон мен АҚШ Ұлттық гвардиясы Украина Қарулы күштерін жаттықтырды.
"Біз жаһандық екі күшке тап болды. Олар – Қытай мен Ресей. Олардың әрқайсысының әскери қуаты мықты. Осы екі күш те қазіргі әлем тәртібін өзгертуге тырысып жатыр. Біз әлдеқайда тұрақсыз, ірі державалар арасында ауқымды халықаралық қақтығыс болуы ықтимал әлемге аяқ басып жатырмыз", - деді АҚШ Бас штабының басшысы Марк Милли.
Пентагон Румыния, Польша мен Балтық елдерінде жаңа әскери база салуды жоспарлап отыр. АҚШ-тың Еуропаны толығымен өз ығына жатқызуына қазір Ресей кедергі болып отыр.
Бүгінде РФ Қарулы күштері алға қойылған мақсаттарды жоспарға сай жүзеге асырып жатыр. Алда Украина әскері және шетелдік кураторлармен күресетін ауыр әрі ауқымды жұмыс тұр, деп түйіндеді Хроленко.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Жаңалықтар
0