https://sputnik.kz/20220412/europanyn-maqsaty-ne-24159590.html
Еуропаның мақсаты не
Еуропаның мақсаты не
Sputnik Қазақстан
Кеше Люксембургте бас қосқан Еуропа елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары отырыстың мақсаты Ресейге қатысты шектеулердің кезекті пакетін қабылдау... 12.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-12T17:31+0500
2022-04-12T17:31+0500
2022-04-13T10:32+0500
еуропа
https://sputnik.kz/img/old/1144/35/11443509_0:300:5760:3540_1920x0_80_0_0_a034e9842aa09ab2a3c83820ede164bb.jpg
Кеше Люксембургте бас қосқан Еуропа елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары отырыстың мақсаты Ресейге қатысты шектеулердің кезекті пакетін қабылдау екенін жасырмады, деп жазды РИА Новости.Бірінші, екінші және одан кейінгі шектеу шараларын енгізгендер осы алты аптаның ішінде Мәскеу Еуроодақтан рақымшылық сұрамаса да, экономикасының құлдырап жатқанына қатысты үлкен қолайсыздық сезінуі керек еді. Бірақ Еуропадағы дүкен сөрелерінде алдымен ұн, одан кейін күнбағыс майы тапшы болып қалды. "Ресейді тежеуге ұмтылғандар" біріккен Еуропада әлеуметтік маңызы бар әрі тамақ өнеркәсібінің екі негізгі ингредиенті осыншалық жылдам жоғалып кетеді деп ойламаса керек.Болар іс болды. Қазір күнбағыс майының бөтелкелері тұрған орындар дүкен сөрелерінде қаңырап бос тұр. Ендігі кезекте тауық жұмыртқасы мен құс және ірі қара мал еті жоғалады деген болжам бар.Жалпыеуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель Киевке келгенде "бұл соғыс майдан даласында жеңіспен аяқталатынын" айтып, елге әлдеқайда жойқын және қуатты әскери техника жеткізуге уәде етті. Соған қарағанда, қырғи-қабақ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрлықтағы бейбіт өмір үшін дипломатия жүргізумен айналысатын қызметтің мақсаты түбегейлі өзгеріп кеткенге ұқсайды."Жозеп Боррельдің бұл сөзін Мәскеуге ашық сес көрсету ретінде қабылдауға болады. Ол бұл сөзін тікелей билікк, Кремльге ғана емес, сондай-ақ Ресей халқына, орыс қауымдастығына арнады. Өйткен батыстың "ыдырап, алауыздық туады, билікке қарсы шығады" деген орыс халқына қатысты ойы тағы жүзеге аспады. Керісінше, осындай қиын кезеңде ресейліктер ойы мен мақсаты, ұстанымы мен көзқарасы бойынша біртұтас екендерін дәлелдеп жатыр. Өйткені оларды ақшаға сатып алуға болмайтын ұлттық құндылықтар біріктіріп тұр", - деп жазды автор.Ұжымдық Брюссель осы халыққа соңғы 80 жылда екінші рет ультиматум қойып отыр. Берілген жауаптың қандай болғаны тарихта белгілі. Бірақ осы орайда Брюссель нені көздеп отыр? Егер Мәскеу осы ультиматумға нақты жауап ретінде іс-қимылға көшсе, онда мұндай мәлімдемелер Брюссель, Париж, Мадрид, Лиссабон мен Берлинге не пайда әкеледі? Еуропа расында да Украинаны пайдаланбай-ақ Ресеймен тікелей соғысты қалап отыр ма? Әлде Боррельдің алты ауыз сөзі Киевке ұнамды көріну үшін айтылды ма?Бұл сұрақтардың жауабы ретінде мынаны айтуға болады: Ресейдің Еуропаның әбден титығына тигені соншалық, Брюссель бұл жағдайдағы ең дұрыс шешім орыс мемлекетін ыдырату және жою деп ойлап отыр. Бұл біруақытта сырттан және іштен қысым көрсетуді қажет етеді. Ал Люксембургте талқыланған санкциялардың алтыншы айналымы мен Боррельдің аузынан шыққан алты сөз дәл осы ішкі және сыртқы қысымды күшейту әдісі ретінде қарастырылды."Ресейге арналған кезекті алтыншы шектеу шараларының ешқандай әсері жоқ. Ресей өзін жайлы сезініп, болашаққа оптимизммен қарап отыр. Өйткені оның шектелмеген табиғи ресурсы, ондаған сағат белдеуіне бөлінген кеңістігі бар. Сонықтан ешкімнен және еш нәрседен қорықпауға болады. Ал мұнайдың барлық көлемін Ресейден импорттап отырған Болгарияның жағдайы мәз емес", - деп жазды мақала авторы.Сол сияқты немістердің ірі бизнесі де тығырыққа тірелді: Еуропаның ең қуатты экономикасы ресейлік сапалы және арзан энергия тасымалдағыштарды импорттаудың арқасында қуатты болды. Дәл осы фактор неміс өнеркәсіптік экспортын жаһандық саудада бәсекеге қабілетті етті. Ал қазір Ресейдің қара алтыны мен көгілдір отынынан айырылып қалу қаупі төнген шақта Германия Федеративті Республикасының сыртқы сауда сальдосы азаятыны анық.Енгізілген және алдағы уақытта енгізілуі жоспарланып отырған шектеулер өздеріне табыс пен нарықтағы шығын боп қайта оралатынын француздар, италиялықтар да, испандар да, жалпы Еуроодақтағы 27 елдің барлығы жақсы түсініп отыр. Өйткені Ресейге қарсы қабылданған санкциялар жалпыеуропалық экономиканы құлдыратып жатыр. Ал ол шығыннын орнын алдағы бірнеше онжылдықта толтыру мүмкін болмайды.Мақала авторы шектеулер Ресей үшін өсім мен дамуға ынталандырушы себеп болып отырғанын жазды. Ал Еуропа үшін бұл жағдай экономикалық даму стратегияларына, екі жылдық пандемияға байланысты туындаған рецессиядан шығу әдістеріне, локдаундардан соң ес жиып үлгермеген еуропалық азаматтардың сатып алу қабілетіне орасан зор нұқсан келтіріп жатыр. Сонымен қатар, коронавирус пандемиясы кезіндегі қиыншылықтардан енді ғана көз ашып келе жатқан еуропалықтар қазіргі күрделі жағдайда миллиондаған босқынды қабылдап, оларға баспана, ас-су, жәрдемақы ұсынуға мәжбүр.Сондықтан құрлықтағы геосаяси дағдарысты үдете түскен біріккен Еуропа қайта-қайта өз ақырына қарай қадам жасап жатыр. Бұл Брюссельге ұнамаса да, айқын көрініп тұрған ақиқат. Ал бірлік пен ортақ құндылықтар бүгінде Еуропа халқын бір ту астына біріктірудің орнына, үлкен күдік тудырып отыр, деп түйіндеді мақала авторы.
https://sputnik.kz/20220331/qazaqstan-europa-odagy-sauda-23860332.html
https://sputnik.kz/20220322/europa-koshi-qon-dagdarys-23680555.html
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1144/35/11443509_320:0:5440:3840_1920x0_80_0_0_a92264727f484ef4f472709f19b79f4f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропа
Кеше Люксембургте бас қосқан Еуропа елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары отырыстың мақсаты Ресейге қатысты шектеулердің кезекті пакетін қабылдау екенін жасырмады, деп жазды
РИА Новости.Бірінші, екінші және одан кейінгі шектеу шараларын енгізгендер осы алты аптаның ішінде Мәскеу Еуроодақтан рақымшылық сұрамаса да, экономикасының құлдырап жатқанына қатысты үлкен қолайсыздық сезінуі керек еді. Бірақ Еуропадағы дүкен сөрелерінде алдымен ұн, одан кейін күнбағыс майы тапшы болып қалды. "Ресейді тежеуге ұмтылғандар" біріккен Еуропада әлеуметтік маңызы бар әрі тамақ өнеркәсібінің екі негізгі ингредиенті осыншалық жылдам жоғалып кетеді деп ойламаса керек.
Болар іс болды. Қазір күнбағыс майының бөтелкелері тұрған орындар дүкен сөрелерінде қаңырап бос тұр. Ендігі кезекте тауық жұмыртқасы мен құс және ірі қара мал еті жоғалады деген болжам бар.
Жалпыеуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель Киевке келгенде "бұл соғыс майдан даласында жеңіспен аяқталатынын" айтып, елге әлдеқайда жойқын және қуатты әскери техника жеткізуге уәде етті. Соған қарағанда, қырғи-қабақ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрлықтағы бейбіт өмір үшін дипломатия жүргізумен айналысатын қызметтің мақсаты түбегейлі өзгеріп кеткенге ұқсайды.
"Жозеп Боррельдің бұл сөзін Мәскеуге ашық сес көрсету ретінде қабылдауға болады. Ол бұл сөзін тікелей билікк, Кремльге ғана емес, сондай-ақ Ресей халқына, орыс қауымдастығына арнады. Өйткен батыстың "ыдырап, алауыздық туады, билікке қарсы шығады" деген орыс халқына қатысты ойы тағы жүзеге аспады. Керісінше, осындай қиын кезеңде ресейліктер ойы мен мақсаты, ұстанымы мен көзқарасы бойынша біртұтас екендерін дәлелдеп жатыр. Өйткені оларды ақшаға сатып алуға болмайтын ұлттық құндылықтар біріктіріп тұр", - деп жазды автор.
Ұжымдық Брюссель осы халыққа соңғы 80 жылда екінші рет ультиматум қойып отыр. Берілген жауаптың қандай болғаны тарихта белгілі. Бірақ осы орайда Брюссель нені көздеп отыр? Егер Мәскеу осы ультиматумға нақты жауап ретінде іс-қимылға көшсе, онда мұндай мәлімдемелер Брюссель, Париж, Мадрид, Лиссабон мен Берлинге не пайда әкеледі? Еуропа расында да Украинаны пайдаланбай-ақ Ресеймен тікелей соғысты қалап отыр ма? Әлде Боррельдің алты ауыз сөзі Киевке ұнамды көріну үшін айтылды ма?
Бұл сұрақтардың жауабы ретінде мынаны айтуға болады: Ресейдің Еуропаның әбден титығына тигені соншалық, Брюссель бұл жағдайдағы ең дұрыс шешім орыс мемлекетін ыдырату және жою деп ойлап отыр. Бұл біруақытта сырттан және іштен қысым көрсетуді қажет етеді. Ал Люксембургте талқыланған санкциялардың алтыншы айналымы мен Боррельдің аузынан шыққан алты сөз дәл осы ішкі және сыртқы қысымды күшейту әдісі ретінде қарастырылды.
"Ресейге арналған кезекті алтыншы шектеу шараларының ешқандай әсері жоқ. Ресей өзін жайлы сезініп, болашаққа оптимизммен қарап отыр. Өйткені оның шектелмеген табиғи ресурсы, ондаған сағат белдеуіне бөлінген кеңістігі бар. Сонықтан ешкімнен және еш нәрседен қорықпауға болады. Ал мұнайдың барлық көлемін Ресейден импорттап отырған Болгарияның жағдайы мәз емес", - деп жазды мақала авторы.
Сол сияқты немістердің ірі бизнесі де тығырыққа тірелді: Еуропаның ең қуатты экономикасы ресейлік сапалы және арзан энергия тасымалдағыштарды импорттаудың арқасында қуатты болды. Дәл осы фактор неміс өнеркәсіптік экспортын жаһандық саудада бәсекеге қабілетті етті. Ал қазір Ресейдің қара алтыны мен көгілдір отынынан айырылып қалу қаупі төнген шақта Германия Федеративті Республикасының сыртқы сауда сальдосы азаятыны анық.
Енгізілген және алдағы уақытта енгізілуі жоспарланып отырған шектеулер өздеріне табыс пен нарықтағы шығын боп қайта оралатынын француздар, италиялықтар да, испандар да, жалпы Еуроодақтағы 27 елдің барлығы жақсы түсініп отыр. Өйткені Ресейге қарсы қабылданған санкциялар жалпыеуропалық экономиканы құлдыратып жатыр. Ал ол шығыннын орнын алдағы бірнеше онжылдықта толтыру мүмкін болмайды.
Мақала авторы шектеулер Ресей үшін өсім мен дамуға ынталандырушы себеп болып отырғанын жазды. Ал Еуропа үшін бұл жағдай экономикалық даму стратегияларына, екі жылдық пандемияға байланысты туындаған рецессиядан шығу әдістеріне, локдаундардан соң ес жиып үлгермеген еуропалық азаматтардың сатып алу қабілетіне орасан зор нұқсан келтіріп жатыр. Сонымен қатар, коронавирус пандемиясы кезіндегі қиыншылықтардан енді ғана көз ашып келе жатқан еуропалықтар қазіргі күрделі жағдайда миллиондаған босқынды қабылдап, оларға баспана, ас-су, жәрдемақы ұсынуға мәжбүр.
Сондықтан құрлықтағы геосаяси дағдарысты үдете түскен біріккен Еуропа қайта-қайта өз ақырына қарай қадам жасап жатыр. Бұл Брюссельге ұнамаса да, айқын көрініп тұрған ақиқат. Ал бірлік пен ортақ құндылықтар бүгінде Еуропа халқын бір ту астына біріктірудің орнына, үлкен күдік тудырып отыр, деп түйіндеді мақала авторы.