https://sputnik.kz/20220322/europa-koshi-qon-dagdarys-23680555.html
Еуропа көші-қон дағдарысына дайын ба?
Еуропа көші-қон дағдарысына дайын ба?
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Адамзат пен постиндустриялды әлеуметтің төзімділігін тексеретін үш жағдай бар: табиғат апаты, техногенді апат және миграциялық... 22.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-22T17:30+0500
2022-03-22T17:30+0500
2022-03-22T19:35+0500
мигранттар
еуропа
https://sputnik.kz/img/old/836/78/8367826_0:0:2615:1470_1920x0_80_0_0_1a320a61a78fa127343464d70917af13.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Адамзат пен постиндустриялды әлеуметтің төзімділігін тексеретін үш жағдай бар: табиғат апаты, техногенді апат және миграциялық дағдарыс. Мұндай жағдайда мемлекеттік құрылым да, қарапайым азамат та жеке бастың қамын ойлауды доғарады, есік қаққан үрейлі ахуалға сабырлықпен жауап беретін уақыт туындайды, деп жазды РИА Новости.Бүгінде біріккен Еуропада дәл осы секілді жағдай қалыптасып, құрлықтың әр тұрғыны шекарадағы мәселеге көңіл аударуға шақырды. БҰҰ мәліметі бойынша кемінде он миллион адам, Украина тұрғыны өз елінде қоныс аударған адамға айналды немесе шетелге бас сауғалады.Әрбір адамға құрметпен және адамгершілікпен қарайтын Еуропа енді мұны сөзбен емес, іспен дәлелдеуі керек. Яғни, біріккен Еуропа үй-жайсыз қалған адамның барлығын құшақ жая қарсы алуға тиіс.Бұл жағдайда Еуропа абдырап қалып, қауымдастықтың шекарасы босқындар үшін тарс жабылды. Германияның сол кездегі канцлері Ангела Меркель біріккен Еуропа "қақпасын" ашқызғанға дейін ұзақ уақыт, көп мәлімдеме, жиі отырыс қажет болған.Сол кезде мүлде демократиялы емес Сауд Арабиясы қабылдаған сириялық босқындар саны екі есе көп болды. Жақын маңдағы тағы бір корольдік – Иордания да қалыс қалмай, бірнеше миллион сириялықты қамқорлығына алды. Бұл адамдар тек қабылданып қана қоймай, олар тиісті деңгейде білім алуы, жұмысқа орналасуы және жаңа өмір бастауы үшін барлық қажетті құжатпен қамтамасыз етілді.Еуроодақ атты метамемлекетте сириялықтарды қабылдау қауымдастықтың өзіне қауіп төндірді. Себебі тағы бір корольдік, әлдеқайда конституциялық және демократиялық мемлекет Брюссельдің сириялықтарды қабылдап, оларды өздеріне тең көру туралы талабымен келіспей, соның салдарынан бүкіл әлем куәсі болған Brexit туындады.Польша мен Балтық елдері де босқындарды қабылдағысы келмеді. Бірақ Еуроодақ өзінің басқару тетіктері мен ықпалын пайдалана отырып, міндетті квоталар және баспанамен қамтамасыз етуді қарастыруды тапсырды.Ал украин босқындарын қабылдауға қатысты дағдарысты заманауи Еуропа бұрын-соңды бастан өткізіп көрмеген. Осындай қысылтаяң жағдай адамгершілік пен жанашырлықты жоғары қоятын құрлықтың өз мүмкіндіктерін толыққанды көрсетуіне таптырмас сәт екені анық. Бірақ, бәрі ойдағыдай болмай тұр.Ең бірінші болып Польша босқындарды қабылдауға мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Балтық елдері де құрақ ұшып тұрғаны шамалы. Ал Венгриядағы волонтерлер кейбір босқындар қайтадан елдеріне қайтуға дайын екенін мәлімдеді. Мұның өзі біраз жайттан хабар беріп тұр.Әзірше Еуропаның екі бай мемлекеті – Франция мен Германия Федеративті республикасы босқындарды қабылдап жатыр. Бірақ оларды үш жылға ғана қабылдауға рұқсат берілгені туралы ресми шешім шықты. Заңды босқын статусын үш жылда екі рет созуға тура келеді. Еуропадан қолдау күткен украин азаматтарының үш жылдан кейінгі тағдыры қалай болатынын ешкім білмейді.Босқындарға күніне ең көп дегенде 20 еуро жәрдемақы төленеді. Егер баласы болса, онда екеуіне де қаражат беріледі. Алайда бала саны көп болса, онда жәрдемақы көлемі аз ғана ұлғаяды. Бұл ақша күнделікті нан мен шайға ғана жетеді. Сондықтан босқындарға жұмыс іздеу қажет болады. Германия мен Францияда жұмыс табу қиынға соқпағанымен, еңбек тиісті деңгейде бағалануы екіталай. Сондықтан украин босқындар аз ақша үшін еңбектенуге мәжбүр болады."Осы айтылғанның барлығын ескерсек, жеті жыл бұрын да гуманизмнің үлгісі бола алмаған Еуропа осы жолы да мінсіз шешім қабылдай алмағаны байқалады. Өйткені босқындар жағдайын ескеріп, өзі жиі жарнамалайтын адамгершілікті ұстанса, бас сауғалап келгендерге небәрі үш жыл миграциялық рұқсат бермес еді", - деп түйіндеген мақала авторы.
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/836/78/8367826_0:0:2615:1962_1920x0_80_0_0_f4d8adc27b40c7d802e80b335ab65263.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мигранттар, еуропа
НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Адамзат пен постиндустриялды әлеуметтің төзімділігін тексеретін үш жағдай бар: табиғат апаты, техногенді апат және миграциялық дағдарыс. Мұндай жағдайда мемлекеттік құрылым да, қарапайым азамат та жеке бастың қамын ойлауды доғарады, есік қаққан үрейлі ахуалға сабырлықпен жауап беретін уақыт туындайды, деп жазды
РИА Новости. Бүгінде біріккен Еуропада дәл осы секілді жағдай қалыптасып, құрлықтың әр тұрғыны шекарадағы мәселеге көңіл аударуға шақырды. БҰҰ мәліметі бойынша кемінде он миллион адам, Украина тұрғыны өз елінде қоныс аударған адамға айналды немесе шетелге бас сауғалады.
Әрбір адамға құрметпен және адамгершілікпен қарайтын Еуропа енді мұны сөзбен емес, іспен дәлелдеуі керек. Яғни, біріккен Еуропа үй-жайсыз қалған адамның барлығын құшақ жая қарсы алуға тиіс.
"Осылайша үш миллионнан астам украин, негізінен әйелдер, балалар мен қарт адамдар демократия сәулет құрған, еркіндік шектелмейтін, жеке және қоғамдық дербестікке рұқсат берілген құрлыққа бет алды. Бірақ мұның барлығы шынайы ма? Алдымен жеті жыл бұрын адам құқықтарын қорғау мақсатында Еуроодақ ықпалымен Сирияда қанды қақтығыс болғанын еске алу крек. Алайда негізгі мақсат Дамасктегі билікті құлату еді. Сол шақта өз елінде тұрып, өз дәстүрі аясында өз тілінде сөйлеп, тіршілік етіп жатқан миллиондаған адам жерінен айырылып, Еуропаға қарай бет алды", - деп жазылған материалда.
Бұл жағдайда Еуропа абдырап қалып, қауымдастықтың шекарасы босқындар үшін тарс жабылды. Германияның сол кездегі канцлері Ангела Меркель біріккен Еуропа "қақпасын" ашқызғанға дейін ұзақ уақыт, көп мәлімдеме, жиі отырыс қажет болған.
Сол кезде мүлде демократиялы емес Сауд Арабиясы қабылдаған сириялық босқындар саны екі есе көп болды. Жақын маңдағы тағы бір корольдік – Иордания да қалыс қалмай, бірнеше миллион сириялықты қамқорлығына алды. Бұл адамдар тек қабылданып қана қоймай, олар тиісті деңгейде білім алуы, жұмысқа орналасуы және жаңа өмір бастауы үшін барлық қажетті құжатпен қамтамасыз етілді.
Еуроодақ атты метамемлекетте сириялықтарды қабылдау қауымдастықтың өзіне қауіп төндірді. Себебі тағы бір корольдік, әлдеқайда конституциялық және демократиялық мемлекет Брюссельдің сириялықтарды қабылдап, оларды өздеріне тең көру туралы талабымен келіспей, соның салдарынан бүкіл әлем куәсі болған Brexit туындады.
Польша мен Балтық елдері де босқындарды қабылдағысы келмеді. Бірақ Еуроодақ өзінің басқару тетіктері мен ықпалын пайдалана отырып, міндетті квоталар және баспанамен қамтамасыз етуді қарастыруды тапсырды.
Ал украин босқындарын қабылдауға қатысты дағдарысты заманауи Еуропа бұрын-соңды бастан өткізіп көрмеген. Осындай қысылтаяң жағдай адамгершілік пен жанашырлықты жоғары қоятын құрлықтың өз мүмкіндіктерін толыққанды көрсетуіне таптырмас сәт екені анық. Бірақ, бәрі ойдағыдай болмай тұр.
Ең бірінші болып Польша босқындарды қабылдауға мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Балтық елдері де құрақ ұшып тұрғаны шамалы. Ал Венгриядағы волонтерлер кейбір босқындар қайтадан елдеріне қайтуға дайын екенін мәлімдеді. Мұның өзі біраз жайттан хабар беріп тұр.
Әзірше Еуропаның екі бай мемлекеті – Франция мен Германия Федеративті республикасы босқындарды қабылдап жатыр. Бірақ оларды үш жылға ғана қабылдауға рұқсат берілгені туралы ресми шешім шықты. Заңды босқын статусын үш жылда екі рет созуға тура келеді. Еуропадан қолдау күткен украин азаматтарының үш жылдан кейінгі тағдыры қалай болатынын ешкім білмейді.
Босқындарға күніне ең көп дегенде 20 еуро жәрдемақы төленеді. Егер баласы болса, онда екеуіне де қаражат беріледі. Алайда бала саны көп болса, онда жәрдемақы көлемі аз ғана ұлғаяды. Бұл ақша күнделікті нан мен шайға ғана жетеді. Сондықтан босқындарға жұмыс іздеу қажет болады. Германия мен Францияда жұмыс табу қиынға соқпағанымен, еңбек тиісті деңгейде бағалануы екіталай. Сондықтан украин босқындар аз ақша үшін еңбектенуге мәжбүр болады.
"Осы айтылғанның барлығын ескерсек, жеті жыл бұрын да гуманизмнің үлгісі бола алмаған Еуропа осы жолы да мінсіз шешім қабылдай алмағаны байқалады. Өйткені босқындар жағдайын ескеріп, өзі жиі жарнамалайтын адамгершілікті ұстанса, бас сауғалап келгендерге небәрі үш жыл миграциялық рұқсат бермес еді", - деп түйіндеген мақала авторы.