https://sputnik.kz/20220411/ukimet-basshysy-tamara-duysenova-24125130.html
"Жұмыс орындарын құру қажет": үкімет басшысы Тамара Дүйсеноваға міндет жүктеді
"Жұмыс орындарын құру қажет": үкімет басшысы Тамара Дүйсеноваға міндет жүктеді
Sputnik Қазақстан
Алға қойылған барлық тапсырмалар уақытында және сапалы орындалуы тиіс, деді Смайылов 11.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-11T13:33+0500
2022-04-11T13:33+0500
2022-04-11T13:33+0500
қоғам
тамара дүйсенова
әлихан смайылов
жаңа жұмыс орындары
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24125103_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_f90158bcefa25c95d6b78ab84b4c282d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа басшы – Тамара Дүйсенованы таныстырды. Әлихан Смайылов қазіргі таңда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында президентінің халыққа арнаған жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті. Үкімет басшысы Тамара Дүйсенованың еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 20 жылдан астам уақыт бойы басшылық қызметтерде болғанын, елімізде еңбек қатынастарын қалыптастырып, әлеуметтік саясатты нығайтуға зор үлесін қосқанын атап өтті. "Тамара Босымбекқызы ең тәжірибелі, іскерлік қабілеті өте жоғары басшылардың бірі. Жаңа министр Мемлекет басшысының сенімін ақтап, Министрліктің жұмысына жаңа серпін береді деп ойлаймыз", — деді Премьер-Министр.Естеріңізге сала кетейік, Тамара Дүйсенова бүгін, 11 сәуірде, президент жарлығымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24125103_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_502039009928166f22212a619e3674b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тамара дүйсенова, әлихан смайылов, жаңа жұмыс орындары
тамара дүйсенова, әлихан смайылов, жаңа жұмыс орындары
"Жұмыс орындарын құру қажет": үкімет басшысы Тамара Дүйсеноваға міндет жүктеді
Алға қойылған барлық тапсырмалар уақытында және сапалы орындалуы тиіс, деді Смайылов
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа басшы – Тамара Дүйсенованы таныстырды.
Әлихан Смайылов қазіргі таңда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында президентінің халыққа арнаған жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.
"Үкімет халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді толығымен орындауы керек. Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға қолдау көрсету, еңбек дауларының алдын алу бағытында тиімді жұмыс жүргізу қажет. Алға қойылған барлық тапсырмалар уақытында және сапалы орындалуы тиіс", — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы Тамара Дүйсенованың еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 20 жылдан астам уақыт бойы басшылық қызметтерде болғанын, елімізде еңбек қатынастарын қалыптастырып, әлеуметтік саясатты нығайтуға зор үлесін қосқанын атап өтті.
"Тамара Босымбекқызы ең тәжірибелі, іскерлік қабілеті өте жоғары басшылардың бірі. Жаңа министр Мемлекет басшысының сенімін ақтап, Министрліктің жұмысына жаңа серпін береді деп ойлаймыз", — деді Премьер-Министр.
Естеріңізге сала кетейік, Тамара Дүйсенова бүгін, 11 сәуірде, президент жарлығымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып
тағайындалды.