https://sputnik.kz/20220411/tamara-duysenova-enbek-ministrli-qayta-basqardy-24118997.html
Тамара Дүйсенова еңбек министрі болып тағайындалды
Тамара Дүйсенова еңбек министрі болып тағайындалды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 11.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-11T10:47+0500
2022-04-11T10:47+0500
2022-04-11T11:50+0500
министр
саясат
тамара дүйсенова
https://sputnik.kz/img/150/93/1509344_0:0:6016:3385_1920x0_80_0_0_18ca75429c363a167be3406ef6a81bca.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда."Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан президентінің көмекшісі – Қазақстан президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын", - делінген жарлықта.Бұған дейін еңбек министрлігін басқарған Серік Шәпкенов Атырау облысына әкім болып барды. Тамара Дүйсенова туралы не білемізТамара Дүйсенова 1965 жылы дүниеге келген. Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі болды. 2017 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың ақпанына дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарды. Дүйсенова бұл лауазымнан сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сынынан кейін кеткен болатын. "Не болды енді Тамара, айтшы. Әлде шаршадың ба сен мына жұмыста?",- деген еді Елбасы сол кездегі еңбек министріне.2018 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Nur Otan партиясының хатшысы қызметін атқарды.2020 жылдың мамырынан бүгінге дейін Қазақстан президентінің көмекшісі – президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/150/93/1509344_417:0:5533:3837_1920x0_80_0_0_f717e95bddd43930a279c4e7cd8e00f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министр, тамара дүйсенова
министр, тамара дүйсенова
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды
Ақорда. "Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан президентінің көмекшісі – Қазақстан президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын", - делінген жарлықта.
Бұған дейін еңбек министрлігін басқарған Серік Шәпкенов Атырау облысына әкім болып барды.
Тамара Дүйсенова туралы не білеміз
Тамара Дүйсенова 1965 жылы дүниеге келген. Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Әр жылдары жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі болды.
2017 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың ақпанына дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарды. Дүйсенова бұл лауазымнан сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың
сынынан кейін кеткен болатын. "Не болды енді Тамара, айтшы. Әлде шаршадың ба сен мына жұмыста?",- деген еді Елбасы сол кездегі еңбек министріне.
2018 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Nur Otan партиясының хатшысы қызметін атқарды.
2020 жылдың мамырынан бүгінге дейін Қазақстан президентінің көмекшісі – президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.