https://sputnik.kz/20220411/shankhay-narazylyq-video-24131918.html
Шанхайдағы наразылық: миллиондаған адам үйінің терезесінен айғайлады – видео
Шанхайдағы наразылық: миллиондаған адам үйінің терезесінен айғайлады – видео
Sputnik Қазақстан
Қытайдың Шанхай қаласында тұрғындар COVID-ке қарсы шектеулерге байланысты үйінде қамалып отыр, көпшілігі дәрі-дәрмек пен азық-түлік сатып алу үшін сыртқа шыға... 11.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-11T21:51+0500
2022-04-11T21:51+0500
2022-04-11T21:51+0500
шанхай
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24119102_0:104:1086:715_1920x0_80_0_0_cd6408ea6f88eaf8cbbb10a8d8ad08ad.jpg
Желіде жарияланған видеодан тұрғындардың карантинге наразылық білдіріп, көпқабатты үйлердің терезесінен айғайлап жатқанын естуге болады.Бірқатар жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, адамдар қатаң локдаунның салдарынан сыртқы әлеммен байланысын үзді: оларға үйден шығуға тыйым салынған, ал азық-түлікті еріктілер жеткізіп беруде. Алайда тапсырыстың көптігіне байланысты олар үлгере алмай жатыр, көптеген тұрғын тамақсыз қалды. Сонымен қатар халықтың қажетті дәрі-дәрмекті сатып алуға мүмкіндігі жоқ.Шектеулер әсіресе қарт адамдарға қиын соғып тұр, олар гаджетпен тамаққа тапсырыс беруді білмейді.Эпидемияға қарсы мұндай қатаң шаралар Шанхай тұрғындарының наразылығын тудырды.Қытай өткен тәулікте коронавирустың таралуы бойынша антирекордты жаңартты. Жексенбіде коронавирус инфекциясы 27 595 адамнан анықталды. Олардың көпшілігі – Шанхай тұрғындары.24,9 миллион адам тұратын мегаполис билігі коронавирус инфекциясының қайтадан өршуіне байланысты 28 наурыздан бастап локдаун енгізді.
шанхай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24119102_0:2:1086:817_1920x0_80_0_0_ef691244e0188faa250992fd82d3c870.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шанхай, коронавирус, видео
шанхай, коронавирус, видео
Шанхайдағы наразылық: миллиондаған адам үйінің терезесінен айғайлады – видео
Қытайдың Шанхай қаласында тұрғындар COVID-ке қарсы шектеулерге байланысты үйінде қамалып отыр, көпшілігі дәрі-дәрмек пен азық-түлік сатып алу үшін сыртқа шыға алмайды.
Желіде жарияланған видеодан тұрғындардың карантинге наразылық білдіріп, көпқабатты үйлердің терезесінен айғайлап жатқанын естуге болады.
Бірқатар жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, адамдар қатаң локдаунның салдарынан сыртқы әлеммен байланысын үзді: оларға үйден шығуға тыйым салынған, ал азық-түлікті еріктілер жеткізіп беруде. Алайда тапсырыстың көптігіне байланысты олар үлгере алмай жатыр, көптеген тұрғын тамақсыз қалды. Сонымен қатар халықтың қажетті дәрі-дәрмекті сатып алуға мүмкіндігі жоқ.
Шектеулер әсіресе қарт адамдарға қиын соғып тұр, олар гаджетпен тамаққа тапсырыс беруді білмейді.
Эпидемияға қарсы мұндай қатаң шаралар Шанхай тұрғындарының наразылығын тудырды.
Қытай өткен тәулікте коронавирустың таралуы бойынша
антирекордты жаңартты. Жексенбіде коронавирус инфекциясы 27 595 адамнан анықталды. Олардың көпшілігі – Шанхай тұрғындары.
24,9 миллион адам тұратын мегаполис билігі коронавирус инфекциясының қайтадан өршуіне байланысты 28 наурыздан бастап локдаун енгізді.