https://sputnik.kz/20220411/qyzylorda-politsiya-gimarattary-shabuyl-24129326.html
Қызылордада полиция ғимараттарына шабуыл жасаған 24 адам көз жұмды – бас прокуратура
Қызылордада полиция ғимараттарына шабуыл жасаған 24 адам көз жұмды – бас прокуратура
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде Қызылорда облысында полиция... 11.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-11T14:58+0500
2022-04-11T14:58+0500
2022-05-23T14:19+0500
қызылорда
тәртіпсіздік
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/230/91/2309157_0:159:3077:1890_1920x0_80_0_0_6b92b836d8e2fd7504ca9835ad077b23.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде Қызылорда облысында полиция ғимараттарына шабуыл жасаған 24 адамның қалай қаза болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бас прокуратура Қызылорда облысында көз жұмған 24 адамға қатысты табелдік қару қолдану себептерін анықтады.Алайда шабуыл жасағандар мұнымен тоқтамаған. Олар ішімдік пен есірткінің әсерінен ғимаратқа бірнеше рет шабуылдаған.Екінші шабуылдан кейін 6 адамнан құралған топ келіссөз жүргіземіз деген сылтаумен жергілікті полиция қызметінің бастығы Ибраев пен рота командирі Естаевты алдап шақырып алған. Сөйтіп бұрын сотталған "О" есімді азамат рота командирі Естаевқа шолақ мылтықпен оқ атқан. Қарсы атылған оқпен шабуылдаушының көзі жойылды."Естаев көптеген дене жарақатын алды, көп қан жоғалтты. Ауруханаға ауыр хәлде жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін әрең сақтап қалды", - деді Қилымжанов.Бас прокуратураның мәліметінше, жергілікті полиция қызметінің ғимараты 12 сағат бойы қоршауда болған. Осы аралықта оған 10-нан астам қарулы шабуыл жасалды."Оларға тойтарыс беру кезінде 20 шабуылшының көзі жойылды", - деді Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары.Сондай-ақ Қызылорда қалалық полиция басқармасының ғимаратын да басып алмақ болған. Тойтарыс беру кезінде 4 шабуылшының көзі жойылды.
https://sputnik.kz/20220411/almaty-politseylerge-snayper-24128566.html
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/230/91/2309157_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_2716062a3b2ec072156fa59f1628655b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда, тәртіпсіздік
Қызылордада полиция ғимараттарына шабуыл жасаған 24 адам көз жұмды – бас прокуратура
14:58 11.04.2022 (жаңартылды: 14:19 23.05.2022) НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде Қызылорда облысында полиция ғимараттарына шабуыл жасаған 24 адамның қалай қаза болғанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас прокуратура Қызылорда облысында көз жұмған 24 адамға қатысты табелдік қару қолдану себептерін анықтады.
"5 қаңтарда Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметіне қарулы шабуыл жасалды. Террористер жүк көлігімен ғимарат қақпасын соғып кіріп, аңшы мылтығымен оқ жаудырды. Бақылау-өткізу пунктін, жедел басқару орталығының камералары мен патрульдік машиналарды өртеп жіберді. Осыған байланысты полиция, алдымен ауаға атып, содан кейін шабуылдаушылардың аяқ-қолын нысанаға алып, табелдік қаруды қолдануға мәжбүр болды", - деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде.
Алайда шабуыл жасағандар мұнымен тоқтамаған. Олар ішімдік пен есірткінің әсерінен ғимаратқа бірнеше рет шабуылдаған.
Екінші шабуылдан кейін 6 адамнан құралған топ келіссөз жүргіземіз деген сылтаумен жергілікті полиция қызметінің бастығы Ибраев пен рота командирі Естаевты алдап шақырып алған. Сөйтіп бұрын сотталған "О" есімді азамат рота командирі Естаевқа шолақ мылтықпен оқ атқан. Қарсы атылған оқпен шабуылдаушының көзі жойылды.
"Естаев көптеген дене жарақатын алды, көп қан жоғалтты. Ауруханаға ауыр хәлде жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін әрең сақтап қалды", - деді Қилымжанов.
Бас прокуратураның мәліметінше, жергілікті полиция қызметінің ғимараты 12 сағат бойы қоршауда болған. Осы аралықта оған 10-нан астам қарулы шабуыл жасалды.
"Оларға тойтарыс беру кезінде 20 шабуылшының көзі жойылды", - деді Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары.
Сондай-ақ Қызылорда қалалық полиция басқармасының ғимаратын да басып алмақ болған. Тойтарыс беру кезінде 4 шабуылшының көзі жойылды.