Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Алматыда үйдің шатырынан полицейлерге оқ атқан снайпердің кім екені анықталды

© AP Photo / Vladimir TretyakovАлматыдағы тәртіпсіздік
Алматыдағы тәртіпсіздік - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2022
Жазылу
Сыбайластары снайпердің денесін өздерімен бірге алып кетіп, қалалық аурухана маңына тастап кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде полиция департаментінің қызметкерлеріне оқ жаудырған снайпердің кім екені анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Арнайы прокурорлар сот молекулярлық-генетикалық сараптама арқылы Алматы қаласында көз жұмған снайпердің жеке басын анықтаған.
"Барлығы 4 оқ атушы болды. Снайпердің денесін жақтастары өздерімен бірге алып кетіп, қалалық аурухана маңына қалдырып кеткен", - деді Қилымжанов.
Ол "С" есімді азамат болып шыққан. Қаңтар оқиғасы кезінде ол тұрғын үйдің шатырына шығып, Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне оқ атқан.
Қазіргі таңда қалған үш террористі анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, деді бас прокуратура.
 Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2022
Қаңтар оқиғасы
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайында 165 қауіпсіздік қызметкері болған
Жаңалықтар
0