Қоғам

Ономастикалық комиссия жаңадан құрылатын үш облыстың атауын мақұлдады

© Photo : almaty2017.com/ru/Бойжеткен Қазақстанның туын ұстап тұр
Бойжеткен Қазақстанның туын ұстап тұр - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстан үкіметі жанындағы республикалық ономастикалық комиссия жаңа облыстардың атауларын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
11 сәуірде мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтті.
Шара аясында Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары әкімдіктерінің жаңадан құрылған Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарына атау беру туралы ұсыныстары қаралды.
"Енді Қазақстанда өз облыс орталықтары бар жаңа облыстар пайда болады. Атап айтқанда, Семей қаласы жаңа Абай облысының орталығына, Жезқазған жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығына айналады, осындай өзгерістер Алматы облысына да қатысты", - деді Абаев.
Сондай-ақ, комиссия мемлекет меншігіндегі жекелеген нысандарды, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар қалаларындағы көшелерді қайта атау мәселелерін де талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері әкімдіктердің ұсынысын мақұлдады. Жақын арада комиссияның қорытындысы әзірленіп, заңнамаға сәйкес одан әрі жұмыс істеу үшін облыстардың әкімдігіне жіберіледі.
Подледная рыбалка на Капчагайском водохранилище - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Өңірлер
Қапшағай атауы Қонаев деп өзгертіледі – үкімет ұсынысты мақұлдады
Айта кетері, кез келген қаланы, елді мекенді немесе көшені қайта атау ономастика саласын реттейтін заңнама талаптарына сай жүзеге асырылады. Комиссия келіп түскен ұсыныстарды қарайды және қорытынды береді. Оң қорытынды болса, қайта атау туралы шешім Қазақстан президентінің жарлығымен бекітіледі.
Бұған дейін республикалық ономастика комиссиясы Қапшағай қаласын Қонаев деп қайта атау туралы оң қорытынды берген болатын.
Жаңалықтар
0