https://sputnik.kz/20220329/qapshagay-atauy-qonaev-dep-ozgertiledi--ukimet-usynysty-maquldady-23816493.html
Қапшағай атауы Қонаев деп өзгертіледі – үкімет ұсынысты мақұлдады
Қапшағай атауы Қонаев деп өзгертіледі – үкімет ұсынысты мақұлдады
Sputnik Қазақстан
Жақын арада Алматы облысының әкімдігіне тиісті құжат жіберіледі 29.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-29T13:51+0500
2022-03-29T13:51+0500
2022-03-29T13:51+0500
өңірлер
қапшағай
дінмұхамед қонаев
https://sputnik.kz/img/867/26/8672607_0:157:1498:1000_1920x0_80_0_0_780946b44d4db7b9887d0a15e8574f14.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгерту туралы ұсынысты қолдады.Комиссия мүшелері Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы ұсынысқа оң қорытынды берді. Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес жұмыс жүргізу үшін Алматы облысының әкімдігіне жолданады.Еске салсақ, 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысын Жетісу және Алматы облыстары деп бөлуді ұсынды. Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болады. Мемлекет басшысы егер жұртшылық Қапшағай атауын Қонаев деп өзгертуді ұсынса, бұл пікірге қосылатынын айтты.Көп ұзамай Алматы облысының бірқатар үкіметтік емес ұйымдары Қапшағай қаласын қайта атау туралы бастама көтерді. Бұл ұсынысты Қапшағай қаласы мәслихатының депутаттары бірауыздан қолдап, Алматы облысының ономастикалық комиссиясына жолдаған болатын.
қапшағай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/867/26/8672607_127:0:1460:1000_1920x0_80_0_0_e41b05aa5a7feb1905c06422b0516ac3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қапшағай, дінмұхамед қонаев
қапшағай, дінмұхамед қонаев
Қапшағай атауы Қонаев деп өзгертіледі – үкімет ұсынысты мақұлдады
Жақын арада Алматы облысының әкімдігіне тиісті құжат жіберіледі
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгерту туралы ұсынысты қолдады.
Комиссия мүшелері Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы ұсынысқа оң қорытынды берді. Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес жұмыс жүргізу үшін Алматы облысының әкімдігіне жолданады.
Еске салсақ, 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысын Жетісу және Алматы облыстары деп бөлуді ұсынды. Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болады. Мемлекет басшысы егер жұртшылық Қапшағай атауын Қонаев деп өзгертуді ұсынса, бұл пікірге қосылатынын айтты.
Көп ұзамай Алматы облысының бірқатар үкіметтік емес ұйымдары Қапшағай қаласын қайта атау туралы бастама көтерді. Бұл ұсынысты Қапшағай қаласы мәслихатының депутаттары бірауыздан қолдап, Алматы облысының ономастикалық комиссиясына жолдаған болатын.