Спорт

Геннадий Головкин әлемдік рейтингте көш бастады

© AP Photo / Richard DrewГеннадий Головкин
Геннадий Головкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Boxrec.com сайты қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) жеңісінен кейін оның рейтингтегі орнын жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz.
Енді Головкин BoxRec рейтингісінде барлық боксшы арасында салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) бірінші орынға жайғасты - оның балы 698.6.
Екінші орында – мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО), оның қазіргі уақыттағы рейтингі - 687.4 балл.
Әлемнің үздік боксшыларының үштігіне америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) кірді - 524.0 балл.
Еске салсақ, Геннадий Головкин 9 сәуірде Жапонияда өткен жекпе-жекте Риота Муратаны техникалық нокаутпен жеңді. Енді ол WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері.
Геннадий Головкин после боя с Муратой - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Спорт
Геннадий Головкин жапониялық боксшыны нокаутпен жеңді
Жаңалықтар
0