https://sputnik.kz/20220408/qytay-kontrabandalyq-tauar-24071180.html
Қытайдан 585 млн теңгенің контрабандалық тауарын жеткізген ЖШС директоры ұсталды
Қытайдан 585 млн теңгенің контрабандалық тауарын жеткізген ЖШС директоры ұсталды
Sputnik Қазақстан
Экономикалық контрабандамен айналысқан ЖШС директоры ұсталды 08.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-08T10:09+0500
2022-04-08T10:09+0500
2022-04-08T10:09+0500
экономика
қытай
контрабанда
https://sputnik.kz/img/352/85/3528523_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_0143787871de842d55aa2a59048b8689.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қалалық департаменті прокуратурамен бірлесіп Қытайдан экономикалық контрабанданың жолын кесті.Қытайдан заңсыз жеткізілген халық тұтынатын тауарлардың жалпы құны 585 млн теңгені құраған. Бюджетке төленетін кеден төлемдері мен салық мөлшері 125 млн теңгеден асады."Қылмыстық кодекстің 234-бабы 2-тармағы 1,4,5 тармақшаларында қарастырылған экономикалық контрабанда фактісі бойынша "Group of the Companies TDA" ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Фирманың барлық операциялық жұмысын ЖШС директоры орындаған", - деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты директорға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
https://sputnik.kz/20220301/qytay-shekarasy-keden-beketi-video-23191507.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/352/85/3528523_168:0:2899:2048_1920x0_80_0_0_2e14d3a36daa8b92bddf6fca769775ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, контрабанда
Қытайдан 585 млн теңгенің контрабандалық тауарын жеткізген ЖШС директоры ұсталды
Экономикалық контрабандамен айналысқан ЖШС директоры ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қалалық департаменті прокуратурамен бірлесіп Қытайдан экономикалық контрабанданың жолын кесті.
Қытайдан заңсыз жеткізілген халық тұтынатын тауарлардың жалпы құны 585 млн теңгені құраған. Бюджетке төленетін кеден төлемдері мен салық мөлшері 125 млн теңгеден асады.
"Қылмыстық кодекстің 234-бабы 2-тармағы 1,4,5 тармақшаларында қарастырылған экономикалық контрабанда фактісі бойынша "Group of the Companies TDA" ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Фирманың барлық операциялық жұмысын ЖШС директоры орындаған", - деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты директорға қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.