Қоғам

Қытаймен шекарадағы кеден бекетінің басшылары ұсталды – видео

© Photo : Официальный сайт правительства КыргызстанаҚытай шекарасында кеден бекетінің басшылары ұсталды
Қытай шекарасында кеден бекетінің басшылары ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы" кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғасы ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі.
Ресми мәліметке сәйкес, 28 ақпанда Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен бас прокуратураның ішкі тергеу департаменті "Нұр Жолы" кеден бекетінде шұғыл шаралар өткізді. Қадағалау органының қызметкері қылмыстық әрекеттің имитациясын жасаған. Оған тексеріс бойынша мәселелерді оң шешкені үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара беру фактісі құжат түрінде рәсімделген.
"Аталған факті бойынша "Нұр Жолы" кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, уәкілетті экономикалық операторлардың бір өкілі қолға түсті. Ол ірі көлемде тауар контрабандасын жасырғаны үшін тексерушілерге 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Жаңалықтар
0