Саясат

Жамбыл облысының әкімі ауысты

© Photo : акимат Жамбылской областиНұржан Нұржігітов
Нұржан Нұржігітов - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2022
Жазылу
Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды.
"Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген Ақорда жариялаған жарлықта.
Бұған дейін Жамбыл облысын Бердібек Сапарбаев басқарды. Ал Нұржігітов оның орынбасары қызметін атқарып келген еді.
Президент жарлығымен Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Нұржан Нұржігітов туралы не білеміз

Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов 1967 жылы 31 наурызда туған.
1991 жылы Ленинград ауыл шаруашылығы институтын "Инженер-механик", 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін "Экономика" мамандықтары бойынша бітірген.
Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.
Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы М.Горький атындағы колхозда механик болып бастады. Ұзақ жылдар бойы Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінде әртүрлі қызмет атқарды.
2008 жылы Жамбыл облысы әкімдігіне жұмысқа тұрған. Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2019 жылдың тамызында Байзақ ауданының әкімі болып тағайындалды.
2021 жылдың сәуірінен бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды.
Нұржан Календеров, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2022
Өңірлер
Жамбыл облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Жаңалықтар
0