Қоғам

Министрлік шетелдік сайттар мен мессенджерлердің жұмысын шектеуді ұсынды

© Photo : Dean MoriartyАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2022
Жазылу
Ақпарат министрлігі өзгерістер БАҚ қызметіне еш әсер етпейтінін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігі шетелдік сайттар мен мессенджерлердің қызметін шектеуді ұсынып отыр. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Ведомство үкіметтің 2019 жылғы 26 наурыздағы №142 қаулысына мынадай түзетулер енгізуді ұсынып отыр:
- онлайн-платформаны немесе лездік хабарлар алмасу сервисін пайдаланушылардың саны туралы мәліметтерді тексеру мақсатында онлайн-платформадан немесе лездік хабарлар алмасу сервисінен тәулігіне пайдаланушылар саны туралы ақпаратты сұрату;
- егер онлайн-платформа немесе лездік хабарлар алмасу сервисі Интернеттегі ақпараттық ресурсты пайдаланушылардың санын айқындау үшін бағдарламаны орнатпаған жағдайда, өз ресурстарында пайдаланушылар санын айқындау;
- Қазақстан заңнамасына сәйкес республика аумағында шетелдік онлайн-платформаның немесе лездік хабарлар алмасу сервисінің қызметін шектеу;
- таратылуына Қазақстан заңдарында немесе заңды күшіне енген сот актілерінде тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған, сондай-ақ қолжетімділігі бас прокурордың немесе оның орынбасарларының министрлікке енгізген ұсынымымен, сондай-ақ министрліктің нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпаратты орналастыратын интернет-ресурстарды есепке алудың бірыңғай реестрін жүргізу;
Елордада өткен митинг - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2022
Қоғам
Нұр-Сұлтанда "әлеуметтік желілерді бұғаттауға" қарсы митинг өтті
- таратылуына Қазақстан заңдарында немесе заңды күшіне енген сот актілерінде тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған, сондай-ақ қолжетімділігі бас прокурордың немесе оның орынбасарларының бұқаралық ақпарат саласындағы уәкілетті органға енгізген ұсынымымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат саласындағы уәкілетті органның нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпаратты орналастыратын интернет-ресурстарды есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізу мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу, таратылуына заң бойынша немесе заңды күшіне енген сот актілерінде тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның нұсқамасымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпаратты орналастыратын интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабарлар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл бойынша заңды өкілдердің реестрін жүргізу;
- шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабарлар алмасу сервистерінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл бойынша заңды өкілдердің реестрін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту.
Жаңалықтар
0