https://sputnik.kz/20220402/nur-sultanda-aleumettik-zhelilerdi-bugattauga-qarsy-miting-otti-23910045.html
Нұр-Сұлтанда "әлеуметтік желілерді бұғаттауға" қарсы митинг өтті
Нұр-Сұлтанда "әлеуметтік желілерді бұғаттауға" қарсы митинг өтті
Sputnik Қазақстан
Жиынға жиналғандар жаңа заң жобасы қабылданса, билік әлеуметтік желілерді бұғаттай бастайды деп санайды 02.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-02T13:56+0500
2022-04-02T13:56+0500
2022-04-02T13:56+0500
қоғам
әлеуметтік желілер
митинг
https://sputnik.kz/img/07e6/04/02/23910021_0:87:1280:807_1920x0_80_0_0_e20a0a79aa8a0fc74fcfb7e4ebec0642.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қызметін реттеу бойынша заң жобасына қарсы митинг өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Біз Айдос Сарым мен Динара Закиева бастамашы болған заң жобасына қарсымыз. Өйткені "балаларды кибербуллингтен қорғаймыз" деген желеумен контент пен ақпаратты шектейтін заң жобаларын қабылдауға болмайды", - дейді митинг ұйымдастырушысы Әсем Есқабыл.Митингке цифрлық құқықтар саласындағы заңгерлер, журналистер, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері мен блогерлер келді. Барлығы жиынның негізгі идеясын қолдайтынын және Қазақстанды әлемдік контенттен шеттетуге болмайтынын мәлімдеді."Иә, кибербуллинг мәселесі бар. Алайда әлем бойынша одан қорғанудың басқа да жолдары мен тәсілдері бар. Радикалды шешім қабылдаудың қажеті жоқ", - дейді олар.Айта кетері, митинг қала әкімдігімен келісілді. Жиынға 100-ге жуық адам қатысты.Бұған дейін депутаттар Айдос Сарым мен Динара Закиева Қазақстанда өз өкілдігін ашпаған шетелдің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінің жұмысын шектеу туралы нормаларды енгізуді ұсынған болатын. Соның арқасында кибербуллингпен күресіп, балаларды қорғауға болады дейді халық қалаулылары.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/02/23910021_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_0d37a81af7ccd577cc9cedc814603396.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік желілер, митинг
әлеуметтік желілер, митинг
Нұр-Сұлтанда "әлеуметтік желілерді бұғаттауға" қарсы митинг өтті
Жиынға жиналғандар жаңа заң жобасы қабылданса, билік әлеуметтік желілерді бұғаттай бастайды деп санайды
НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қызметін реттеу бойынша заң жобасына қарсы митинг өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Біз Айдос Сарым мен Динара Закиева бастамашы болған заң жобасына қарсымыз. Өйткені "балаларды кибербуллингтен қорғаймыз" деген желеумен контент пен ақпаратты шектейтін заң жобаларын қабылдауға болмайды", - дейді митинг ұйымдастырушысы Әсем Есқабыл.
Митингке цифрлық құқықтар саласындағы заңгерлер, журналистер, кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері мен блогерлер келді. Барлығы жиынның негізгі идеясын қолдайтынын және Қазақстанды әлемдік контенттен шеттетуге болмайтынын мәлімдеді.
"Иә, кибербуллинг мәселесі бар. Алайда әлем бойынша одан қорғанудың басқа да жолдары мен тәсілдері бар. Радикалды шешім қабылдаудың қажеті жоқ", - дейді олар.
Айта кетері, митинг қала әкімдігімен келісілді. Жиынға 100-ге жуық адам қатысты.
Бұған дейін депутаттар Айдос Сарым мен Динара Закиева Қазақстанда өз өкілдігін ашпаған шетелдің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінің жұмысын шектеу туралы нормаларды енгізуді ұсынған болатын. Соның арқасында кибербуллингпен күресіп, балаларды қорғауға болады дейді халық қалаулылары.