https://sputnik.kz/20220407/resey-sanktsiyalar-azyq-tulik-24051172.html
Ресейге қарсы санкциялар азық-түлік бағасына әсер етті – сенат төрағасы
Ресейге қарсы санкциялар азық-түлік бағасына әсер етті – сенат төрағасы
Sputnik Қазақстан
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы инфляция 8,7 проценттен 12-ге дейін көтерілді. Азық-түліктің қатты қымбаттағаны байқалады 07.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-07T13:39+0500
2022-04-07T13:39+0500
2023-08-10T17:15+0500
қоғам
баға
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/1427/84/14278441_0:0:2048:1152_1920x0_80_0_0_d951e928a083d67d12be3f966e430747.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев азық-түліктің қымбаттауына себеп болған негізгі факторды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Осы орайда сенат төрағасы президенттің тиісті тапсырма бергенін ерекше атап өтті. Үкімет шұғыл штаб құруы тиіс. Осы құрылым бағаны тұрақтандыру, бизнесті қолдау және тағы басқа мәселелер айналысады. "Бұл – өзекті мәселе. Депутаттар да үкіметтен оны шешуді талап етіп отырады", - деп атап көрсетті Әшімбаев. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы инфляция 8,7 проценттен 12-ге дейін көтерілді. Азық-түліктің қатты қымбаттағаны байқалады. Айта кетері, бұған дейін "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы азық-түлік бағасына болжам жасады. Бұған дейін импорттық өнімнің басым бөлігі Ресей арқылы жеткізілген. Алдымен Балтық теңізінің порттарына, одан кейін автомобиль немесе теміржол көлігімен Қазақстанға әкеліп тұрды. Бұл – ең тиімді жол. Шығындары да аз болған. "Енді, осы тізбек үзілді. Жаңа жолдарды іздеу керек. Әрине, бұның барлығы тауардың бағасына әсер етеді, құны көтеріледі. Мәселен, қант бізге жаңағы жолмен жеткізілетін. Енді, оны Қара теңіз арқылы Батуми портымен импорттайды. Соның нәтижесінде осы өнімнің бір партиясы 300 миллион теңгеге қымбаттап кеткен", - дейді палатаның агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1427/84/14278441_256:0:1792:1152_1920x0_80_0_0_c284c5ab0b3f6c03a40e423a456486f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баға, азық-түлік
Ресейге қарсы санкциялар азық-түлік бағасына әсер етті – сенат төрағасы
13:39 07.04.2022 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы инфляция 8,7 проценттен 12-ге дейін көтерілді. Азық-түліктің қатты қымбаттағаны байқалады
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев азық-түліктің қымбаттауына себеп болған негізгі факторды атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бағалар көтерілді. Өкінішке қарай, геосаяси жағдай, батыс елдерінің Ресейге қарсы санкциялары кері әсерін тигізді. Логистика және тағы мәселелер бар", - деді Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда сенат төрағасы президенттің тиісті тапсырма бергенін ерекше атап өтті. Үкімет шұғыл штаб құруы тиіс. Осы құрылым бағаны тұрақтандыру, бизнесті қолдау және тағы басқа мәселелер айналысады.
"Бұл – өзекті мәселе. Депутаттар да үкіметтен оны шешуді талап етіп отырады", - деп атап көрсетті Әшімбаев.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы инфляция 8,7 проценттен 12-ге дейін көтерілді. Азық-түліктің қатты қымбаттағаны байқалады.
Айта кетері, бұған дейін "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы азық-түлік бағасына болжам жасады. Бұған дейін импорттық өнімнің басым бөлігі Ресей арқылы жеткізілген.
Алдымен Балтық теңізінің порттарына, одан кейін автомобиль немесе теміржол көлігімен Қазақстанға әкеліп тұрды. Бұл – ең тиімді жол. Шығындары да аз болған.
"Енді, осы тізбек үзілді. Жаңа жолдарды іздеу керек. Әрине, бұның барлығы тауардың бағасына әсер етеді, құны көтеріледі. Мәселен, қант бізге жаңағы жолмен жеткізілетін. Енді, оны Қара теңіз арқылы Батуми портымен импорттайды. Соның нәтижесінде осы өнімнің бір партиясы 300 миллион теңгеге қымбаттап кеткен", - дейді палатаның
агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев.