Саясат

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды

© Photo : Сайт премьер-министра КазахстанаНұрлыбек Нәлібаев
Нұрлыбек Нәлібаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Қызылорда облысының әкімі қызметіне Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Ал бұған дейін облысты басқарған Гүлшара Әбдіқалықова президент жарлығымен қызметінен босатылды.

Жаңа әкім туралы не білеміз

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған.
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3-курс докторанты.
Еңбек жолын 1997 жылы "Қазақойл-коммерция" ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастады.
1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
2005–2007 жылдары — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары;
2007-2008 жылдары — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы;
2008-2013 жылдары — Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі;
2013-2021 жылдары — Қызылорда қаласының әкімі;
2021 жылғы 1 сәуірден бастап премьер-министр кеңсесі өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болды.
Нұржан Нұржігітов - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2022
Саясат
Жамбыл облысының әкімі ауысты
Жаңалықтар
0