Вице-премьер қанша адамның зейнетақысы мен жәрдемақысы өсетінін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевӘмиян
Әмиян - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Жазылу
Бұл мақсатқа нақтыланған бюджетте 111 миллиард теңге қарастырылған
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы тағы индексацияланады. Нақтыланған бюджетте оған 111 миллиард теңге қарастырылған. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол күні кеше үкімет маңызды шешім қабылдағанын еске салды.
"Инфляция дәлізінің 8-10%-ке дейін өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін қосымша тағы 4%-ке индексациялау жоспарланып отыр. Бұл жиынтық мәнде барлық әлеуметтік төлемнің 9%-ке, ал ынтымақты зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11%-ке өсуін қамтамасыз етеді", - деді Тоғжанов мәжіліс отырысында.
Нәтижесінде 4,2 миллион адамның әлеуметтік төлемі ұлғаяды.
Бұл мақсатқа нақтыланған бюджетте 111 миллиард теңге көзделген.
Жалпы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бюджеттен 4 триллион теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 230 миллиард теңгеге артық.
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2022
Қоғам
Халықтың табысын арттыру бағдарламасы: үкімет жалақыны қалай көтереді
Жаңалықтар
0