https://sputnik.kz/20220406/tergeu-materialdary-sybaylas-zhemqorlyq-24034695.html
Шымкенттегі оқиға: іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жолданды
Шымкенттегі оқиға: іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жолданды
Sputnik Қазақстан
Жедел басқару орталығы қызметкерінің арызына байланысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды 06.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-06T21:06+0500
2022-04-06T21:06+0500
2022-04-06T21:06+0500
қоғам
шымкент
суицид
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23936478_0:42:1281:762_1920x0_80_0_0_7846e4b5f2b9f1efdbbbc6468f676305.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі басшысының суицидке баруы бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жолданды.Шымкент қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, жедел басқару орталығы қызметкерінің арызына байланысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы суицид жасамақ болды. "6 сәуірде сағат түнгі 01:30-да Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жедел жәрдем қызметі арқылы 1991 жылы туған пациент ауыр жағдайда жеткізілген. Пациентті дәрігерлер шұғыл түрде тексеріп, жансақтау бөліміне жатқызды. Түскен кездегі жағдайы ауыр, команың 1-дәрежесі. Қазір науқас реанимацияда ем қабылдап жатыр", - деді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланған. Алдын ала болжам бойынша ол суицид жасау мақсатында көп мөлшерде дәрілік преппараттар ішкен.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23936478_57:0:1194:853_1920x0_80_0_0_36937ae3a41902bf3c3d96e745ed6d35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, суицид
Шымкенттегі оқиға: іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жолданды
Жедел басқару орталығы қызметкерінің арызына байланысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі басшысының суицидке баруы бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жолданды.
Шымкент қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, жедел басқару орталығы қызметкерінің арызына байланысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды.
"Олардың арасында туындаған жанжал Қылмыстық кодекстің 131-бабы "қорлау" бойынша екені анықталды. Осыған сәйкес Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 35-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Өз кезегінде қызметкерге азаматтық тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар екендігі түсіндірілді" - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы
суицид жасамақ болды. "6 сәуірде сағат түнгі 01:30-да Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жедел жәрдем қызметі арқылы 1991 жылы туған пациент ауыр жағдайда жеткізілген. Пациентті дәрігерлер шұғыл түрде тексеріп, жансақтау бөліміне жатқызды. Түскен кездегі жағдайы ауыр, команың 1-дәрежесі. Қазір науқас реанимацияда ем қабылдап жатыр", - деді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланған. Алдын ала болжам бойынша ол суицид жасау мақсатында көп мөлшерде дәрілік преппараттар ішкен.