Нөмір сақтаудың керегі жоқ - WhatsApp-тың жаңа функциясы қосылады

© Photo : Pixabay /antonbeWhatsapp
Whatsapp - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Жазылу
Пайдаланушылар бұл функцияны ұзақ уақыт күтті, ол қысқа мерзімді хат алмасу үшін қажет
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. WhatsApp мессенджерін жасаушылар бейтаныс адамдармен қарым-қатынасты едәуір жеңілдететін жаңа опцияны сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды WABetaInfo порталы.
Бұл функцияны іске қосқаннан кейін пайдаланушылар телефон кітабына енгізілмеген адамдармен хат алмаса алады. Енді нөмірді сақтаудың қажеті жоқ.
"Пайдаланушы сақталмаған нөмірді басады, содан кейін WhatsApp-та контекстік мәзір пайда болады. Ол жерде бірнеше нұсқа ұсынылады: хат алмасуды бастау, қоңырау шалу немесе нөмірді сақтау", - деп түсіндіреді портал.
Пайдаланушылар бұл функцияны ұзақ уақыт күткен болатын. Ол қысқа мерзімді хат алмасу үшін қажет. Мысалы, курьерлермен немесе түрлі дүкен өкілдерімен сөйлескен кезде керек. Жаңа функция жақын арада қолжетімді болатыны хабарланды.
WhatsApp мессенджері - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2020
Оқиға
Оқушының WhatsApp арқылы жіберген хабарламасы полицияны аяққа тік тұрғызды
Жаңалықтар
0