Оқиға

Оқушының WhatsApp арқылы жіберген хабарламасы полицияны аяққа тік тұрғызды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуWhatsApp мессенджері
WhatsApp мессенджері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы полициясы теракт жасаймын деп қорқытқан он төрт жастағы жасөспірімді бір-екі сағаттың ішінде тапты

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Алматы полициясы департаментінің қызметкерлері көппәтерлі үйді "жарып жібермек" болған оқушыны тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жасөспірім WhatsApp арқылы қала тұрғынының нөміріне теракт жасауға дайындалып жатқаны туралы хабарлама жіберген. Ол адам мұны шын екен деп қабылдап, бірден полицияға хабар береді.

"Ақпарат түскеннен кейін, қаланың шұғыл қызмет өкілдері осы мекенжайға аттанды. Саперлердің көмегімен ғимаратты тексеріп шықты. Жарылғыш пен басқа да күдік туғызатын заттар табылған жоқ. Ақпарат расталмады", - деді Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Жалған хабарлама таратқан адам бір-екі сағаттың ішінде анықталған. Ол 14 жастағы жасөспірім болып шықты, өзі де жарып жіберуге уәде еткен үйде тұрады.

Бұзақылық жасаған оқушы кінәсін мойындады.

"Бұл факті Қылмыстық кодекстің 273-і бабы "Террорлық акті туралы жалған хабарлама тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қылмыстық іс бойынша өндірісті департаменттің тергеу басқармасы іске асырып жатыр",  - деді полковник Әбілбеков.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда теракт дайындалды – ҰҚК

Бұл бап бойынша бес мың АЕК мөлшерінде (13 миллион 890 мың теңге)  айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе бес жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда бұзақының кәмелетке толмағанын ескерсек, оның қылмысы үшін жауапкершілікті ата-анасы көтереді.

Жаңалықтар
0