Қоғам

Forbes тізімі: әлемдегі ең бай адамдар рейтингісіне 5 қазақстандық енді

© SputnikТимур және Динара Құлыбаевтар ұлы Алтаймен
Тимур және Динара Құлыбаевтар ұлы Алтаймен - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2022
Жазылу
Әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған 36-шы рейтингісінде 2 668 миллиардер бар
НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. Forbes әлемдегі ең бай адамдардың 36-шы жыл сайынғы рейтингісін жариялады. Бұл тізімге бес қазақстандық - долларлық миллиардер кірді.
SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды. Оның байлығы 219 миллиард долларға бағаланады. Ол Amazon негізін қалаушы және бас директоры Джефф Безосты басып озып, рейтингіде бірінші болды.
Миллиардерлер саны ең көп елдер - АҚШ, Қытай және Үндістан. Forbes нұсқасы бойынша ең бай 10 адамның тізімі:
1.
Илон Маск (219 млрд доллар);
2.
Джеф Безос (171 млрд доллар);
3.
Бернар Арно (158 млрд доллар);
4.
Билл Гейтс (129 млрд доллар);
5.
Уоррен Баффет (118 млрд доллар);
6.
Ларри Пейдж (111 млрд доллар);
7.
Сергей Брин (107 млрд доллар);
8.
Ларри Эллисон (106 млрд доллар);
9.
Стив Балмер (91,4 млрд доллар);
10.
Мукеш Амбани (90,7 млрд доллар).
Әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған 36-шы рейтингісінде 2 668 миллиардер бар.
Тізімге 5 қазақстандық кірді – Владимир Ким (байлығы 5 млрд долларға бағаланады, 2021 жылы - 4,6 млрд), Тимур Құлыбаев (3,8 млрд доллар, 2021 жылы - 2,8 млрд), Динара Құлыбаева (3,8 млрд доллар, 2021 жылы - 2,8 млрд), Болат Өтемұратов (2,8 млрд доллар - 2021 жылы - 3,4), Вячеслав Ким (2 млрд доллар, 2021 жылы - 3,3 млрд).
Қазақстанда тұратын, бірақ басқа мемлекет азаматтары болып табылатын тағы екі миллиардер де Forbes тізіміне енді. Kaspi.kz акционері және басқарма төрағасы , Грузия азаматы Михаил Ломтадзе 1,9 миллиард доллар (2021 жылы - 3,2 миллиард доллар).
Сондай-ақ, Freedom Holding Corp инвестициялық тобының негізін қалаушы және акционері, Ресей азаматы Тимур Турлов, оның байлығы былтыр 2,1 миллиард доллардан биыл 2,4 миллиард долларға дейін өсті.
Болат Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2022
Қоғам
Болат Назарбаевтың қоры "Қазақстан халқына" 1 млрд теңге аударды
Жаңалықтар
0