https://sputnik.kz/20220406/aqsh-ukrainaga-qanday-qaru-zhetkizedi-24053627.html
АҚШ Украинаға қандай қару жеткізеді?
АҚШ Украинаға қандай қару жеткізеді?
Sputnik Қазақстан
Вашингтон Киевке Switchblade пилотсыз ұшатын аппаратының ірі партиясын жөнелтуді жоспарлап отыр. Шағын габаритті дрондар тосқауыл жасайтын техникаға жатады... 06.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-06T18:02+0500
2022-04-06T18:02+0500
2022-04-07T15:45+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1f/23859847_0:9:3072:1737_1920x0_80_0_0_9cb55a01b32b3fd2ab1d250d79448846.jpg
Вашингтон Киевке Switchblade пилотсыз ұшатын аппаратының ірі партиясын жөнелтуді жоспарлап отыр. Шағын габаритті дрондар тосқауыл жасайтын техникаға жатады, бұл тактикалық деңгейдегіі тиімді қару, деп жазды РИА Новости.АҚШ президенті Джо байден наурыздың ортасында Украинаға әскери көмек ретінде қосымша 800 миллион доллар бөлінетіні туралы жариялады: Киевке 800 дана Stinger жылжымалы зениттік зымыран кешені, 2 000 дана Javelin танкке қарсы зымыран кешені, 1 000 танкке қарсы жеңіл қару және 6 000 дана АТ-4 гранатоме жібереді. Украина Қарулы күштері оқ ату қаруларын, броньдалған жилеттер мен дулыға, оқ-дәрі алады. Сонымен қатар Пентагон одақтасына 100 дана Switchblade пилотсыз ұшу аппаратын жолдайтыны белгілі болды.Камикадзе-дрон деп аталатын бұл қаруды Ауғанстанның техника жүруі қиын таулы аймақтарында тәлібтермен күресу үшін АҚШ құрлықтағы әскерінің тапсырыс бойынша дайындалған. Ол 2011 жылы қарулануға қабылданды, бірнеше мың данасы әзірленді. Америкалық арнайы жасақ пен жаяу әскер оларды Орта және Таяу Шығыста сәтті қолданды.Екі нұсқасы бар – жаяу әскерге қарсы және танкке қарсы. Салмағы 2,5 килограмнан сәл асатын бірінші нұсқадағы Switchblade әскери қызметшінің рейд рюкзагына оңай сыйып кетеді. Ол шағын тасымалдау-іске қосу контейнерінде сақталады және пневмокатапульта негізі бойынша сығылған ауа арқылы аспанға көтеріледі. Оның ұшу қашықтығы он километрге жуықтайды. Соғысу бөлігінің қуаты автоматты гранатометтің 400 миллиметрлі оқ атуына тең келеді. Крейсерлік жылдамдығы – сағатына 100 километр. Бақылау және бағыттау үшін күндізгі және түнгі камералар қарастырылған.Ал танкке қарсы Switchblade 600 әлдеқайда ірі әрі ауыр – 23 килограмм. Оператордан 40 километр қашықтыққа дейінгі нысандарды жоя алады. Оның соғысуға арналған бөлігі Javelin танкке қарсы зымыран кешенінікіндей. Америкалықтардың айтуныша, егер жоғарғы жағынан соққы жасаса, бұл қару кез келген заманауи броньдалған техникаға қарсылықта тиімді.Екі модификацияның дрондары сенсорлық планшет арқылы басқарылады. Іске қосуға дайындыққа 10 минут жұмсалады. Пилотсыз ұшатын аппараттың біреуінің құны шамамен алты мың долларға жуықтайды. Ол қорғаныстың терең шебінде қолдануға арналған, Америка армиясындағы теңіз-жаяу әскер бөлімшелерініңкөбіндегі қарулану жинағына кіреді. Бірақ бұл әскери техниканың өз осал тұсы бар."Басты кемшілігі – аккумулятор сыйымдылығының шағын болуы, сондықтан ауада ұзақ уақыт бола алмайды. Мәселен, Switchblade 300 тек 10-15 минут қана әуеге көтеріле алады. Сондықтан нысанды әлжеқайда ірі барлаушы пилотсыз аппарат анықттауы керек. бірақ мұндай дрондар ресейлік әуе шабулына қарсы қорғаныс жүйесінің көзінне түсіп үлгереді",- дейді әскери сарапшы Алексей Леонков.Ресей армиясының жаңа қауіппен күресуге арналған құралы жетерлік. Ең алдымен "Тор-М2" зениттік-зымыран кешендері мен "Панцирь-С1" зениттік зымыран-зеңбіректі жабдықтарын атауға болады. Олар көлемі аса шағын нысандарды анықтап, соңынан ілесіп, көзін жоя алады."Ресейлік зениттік-зымыран кешендері – қорғаныстың екінші қапталы. Біріншісі – радиоэлектронды күрес әскері. Оаардың аппаратурасы пилотсыз ұшатын техника мен оператор арасындағы байланысты ажыратып, дронды пайдасыз темір үйіндісіне айналдырады. Екінші Қарабақ соғысында армяндар Степанкерт аспанында ресейлік өндіріске жататын "Поле" радиоэлектронды күрес кешенін қосқанда, әзербайжан пилотсыз авиациясының белсенділігі күрт қысқарды. Осы жаңа техника Украинада да қолданылатынына күмәнім жоқ", - дейді сарапшы.Амеркалық камикадзе-дрондар ресейлік армияға қандай да бір шығын келтіруі ықтимал. Бірақ 2020 жылдың күзінде Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезіндегідей "суперқаруға" айналмайтыны анық. Ол кезде IAI Harop әзербайжан тосқауылдаушы техникасы армяндардың әуе шабуылына қарсы қорғаныс позицияларын, әскери техника орналасқан орындарды және дала майданындағы бекіністерді қарқынды қиратты.Қазіргі ресейлік армияның қолында бар әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары сол шақта Степанкерт пен Ереванда болған жоқ. Сонымен қатар, мамандар украиндер мұхиттың арғы бетінен жеткізілген техниканы оңай игеріп алады дегенге сенбей отыр."Бұл ештеңені өзгертпейді. Мәселе бұл кешендерді кім басақаратынында болып тұр. Украин әскерилерін тез үйрету мүмкін емес. Сондықтан пилотсыз ұшатын аппараттарды америкалық жеке әскер компанияның өкілдері басқаруы ықтимал. Бірақ, біріншіден, ол адамдар өз бастарын үлкен қатерге тігеді. Екіншіден, бұл соғысқа басқа мемлекеттің, анығында, АҚШ-тың араласқанының айғағы болады. Үшіншіден, мұндай жеткізулер Киев режимінің қылмыстық әрекетін күшейтеді", - дейді әскери сарапшы Владимир Евсеев.Біраз бұрын Ресейдің Қорғаныс министрлігі атыстан Украинаға бағытталған қару-жарақ тиелген жүк заңды нысанға айналатыны туралы ресми түрде ескертті. Қазір НАТО елдерінен әскери техника жеткізудің жалғыз жолы – Польшамен арадағы құрлықтағы шекара. Бірақ, бұл аймақтағы барлық іс-қимыл қазірдің өзінде Ресей авиациясы мен дәлдігі жоғары артиллериясының нысанасында тұрғаны анық.
https://sputnik.kz/20220331/ukraina-batys-qaru-zharaq-23897908.html
https://sputnik.kz/20220311/resey-sanktsiya-aseri-qazaqstan-aqsh-23461290.html
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1f/23859847_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_077eacb2c872f16dc9b2c82a4aa6be66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
Вашингтон Киевке Switchblade пилотсыз ұшатын аппаратының ірі партиясын жөнелтуді жоспарлап отыр. Шағын габаритті дрондар тосқауыл жасайтын техникаға жатады, бұл тактикалық деңгейдегіі тиімді қару, деп жазды
РИА Новости.АҚШ президенті Джо байден наурыздың ортасында Украинаға әскери көмек ретінде қосымша 800 миллион доллар бөлінетіні туралы жариялады: Киевке 800 дана Stinger жылжымалы зениттік зымыран кешені, 2 000 дана Javelin танкке қарсы зымыран кешені, 1 000 танкке қарсы жеңіл қару және 6 000 дана АТ-4 гранатоме жібереді. Украина Қарулы күштері оқ ату қаруларын, броньдалған жилеттер мен дулыға, оқ-дәрі алады. Сонымен қатар Пентагон одақтасына 100 дана Switchblade пилотсыз ұшу аппаратын жолдайтыны белгілі болды.
Камикадзе-дрон деп аталатын бұл қаруды Ауғанстанның техника жүруі қиын таулы аймақтарында тәлібтермен күресу үшін АҚШ құрлықтағы әскерінің тапсырыс бойынша дайындалған. Ол 2011 жылы қарулануға қабылданды, бірнеше мың данасы әзірленді. Америкалық арнайы жасақ пен жаяу әскер оларды Орта және Таяу Шығыста сәтті қолданды.
Екі нұсқасы бар – жаяу әскерге қарсы және танкке қарсы. Салмағы 2,5 килограмнан сәл асатын бірінші нұсқадағы Switchblade әскери қызметшінің рейд рюкзагына оңай сыйып кетеді. Ол шағын тасымалдау-іске қосу контейнерінде сақталады және пневмокатапульта негізі бойынша сығылған ауа арқылы аспанға көтеріледі. Оның ұшу қашықтығы он километрге жуықтайды. Соғысу бөлігінің қуаты автоматты гранатометтің 400 миллиметрлі оқ атуына тең келеді. Крейсерлік жылдамдығы – сағатына 100 километр. Бақылау және бағыттау үшін күндізгі және түнгі камералар қарастырылған.
Ал танкке қарсы Switchblade 600 әлдеқайда ірі әрі ауыр – 23 килограмм. Оператордан 40 километр қашықтыққа дейінгі нысандарды жоя алады. Оның соғысуға арналған бөлігі Javelin танкке қарсы зымыран кешенінікіндей. Америкалықтардың айтуныша, егер жоғарғы жағынан соққы жасаса, бұл қару кез келген заманауи броньдалған техникаға қарсылықта тиімді.
Екі модификацияның дрондары сенсорлық планшет арқылы басқарылады. Іске қосуға дайындыққа 10 минут жұмсалады. Пилотсыз ұшатын аппараттың біреуінің құны шамамен алты мың долларға жуықтайды. Ол қорғаныстың терең шебінде қолдануға арналған, Америка армиясындағы теңіз-жаяу әскер бөлімшелерініңкөбіндегі қарулану жинағына кіреді. Бірақ бұл әскери техниканың өз осал тұсы бар.
"Басты кемшілігі – аккумулятор сыйымдылығының шағын болуы, сондықтан ауада ұзақ уақыт бола алмайды. Мәселен, Switchblade 300 тек 10-15 минут қана әуеге көтеріле алады. Сондықтан нысанды әлжеқайда ірі барлаушы пилотсыз аппарат анықттауы керек. бірақ мұндай дрондар ресейлік әуе шабулына қарсы қорғаныс жүйесінің көзінне түсіп үлгереді",- дейді әскери сарапшы Алексей Леонков.
Ресей армиясының жаңа қауіппен күресуге арналған құралы жетерлік. Ең алдымен "Тор-М2" зениттік-зымыран кешендері мен "Панцирь-С1" зениттік зымыран-зеңбіректі жабдықтарын атауға болады. Олар көлемі аса шағын нысандарды анықтап, соңынан ілесіп, көзін жоя алады.
"Ресейлік зениттік-зымыран кешендері – қорғаныстың екінші қапталы. Біріншісі – радиоэлектронды күрес әскері. Оаардың аппаратурасы пилотсыз ұшатын техника мен оператор арасындағы байланысты ажыратып, дронды пайдасыз темір үйіндісіне айналдырады. Екінші Қарабақ соғысында армяндар Степанкерт аспанында ресейлік өндіріске жататын "Поле" радиоэлектронды күрес кешенін қосқанда, әзербайжан пилотсыз авиациясының белсенділігі күрт қысқарды. Осы жаңа техника Украинада да қолданылатынына күмәнім жоқ", - дейді сарапшы.
Амеркалық камикадзе-дрондар ресейлік армияға қандай да бір шығын келтіруі ықтимал. Бірақ 2020 жылдың күзінде Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезіндегідей "суперқаруға" айналмайтыны анық. Ол кезде IAI Harop әзербайжан тосқауылдаушы техникасы армяндардың әуе шабуылына қарсы қорғаныс позицияларын, әскери техника орналасқан орындарды және дала майданындағы бекіністерді қарқынды қиратты.
Қазіргі ресейлік армияның қолында бар әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары сол шақта Степанкерт пен Ереванда болған жоқ. Сонымен қатар, мамандар украиндер мұхиттың арғы бетінен жеткізілген техниканы оңай игеріп алады дегенге сенбей отыр.
"Бұл ештеңені өзгертпейді. Мәселе бұл кешендерді кім басақаратынында болып тұр. Украин әскерилерін тез үйрету мүмкін емес. Сондықтан пилотсыз ұшатын аппараттарды америкалық жеке әскер компанияның өкілдері басқаруы ықтимал. Бірақ, біріншіден, ол адамдар өз бастарын үлкен қатерге тігеді. Екіншіден, бұл соғысқа басқа мемлекеттің, анығында, АҚШ-тың араласқанының айғағы болады. Үшіншіден, мұндай жеткізулер Киев режимінің қылмыстық әрекетін күшейтеді", - дейді әскери сарапшы Владимир Евсеев.
Біраз бұрын Ресейдің Қорғаныс министрлігі атыстан Украинаға бағытталған қару-жарақ тиелген жүк заңды нысанға айналатыны туралы ресми түрде ескертті. Қазір НАТО елдерінен әскери техника жеткізудің жалғыз жолы – Польшамен арадағы құрлықтағы шекара. Бірақ, бұл аймақтағы барлық іс-қимыл қазірдің өзінде Ресей авиациясы мен дәлдігі жоғары артиллериясының нысанасында тұрғаны анық.